Журналистің көлігін өртеді деген күдікті ұсталды

cover

Полиция қызметкерлері белгілі журналист Виктор Сутягиннің  көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Қазір уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 11 мамырға қараған түні белгісіз біреу журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын. Журналист полицияға шағымданды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар