Ғалымдар АИТВ-ның алдын алуға арналған жаңа препарат әзірледі
Фото: Pixabay
АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрілік заттар сапасын санитарлық бақылау басқармасы АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған жаңа «Ленакапавир» препаратын ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Клиникалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес, оның тиімділігі 99%-ға дейін жетеді.
Дәрі жасөспірімдер мен ересектерге арналған және вирустың генетикалық материалын қорғайтын әрі оның жасушаға енуін қамтамасыз ететін капсид ақуызының ыдырауын тежейтін ингибитор болып табылады.
Truvada және Descovy сияқты қолданыстағы алдын алу препараттары кері транскриптаза ферментіне әсер етсе, «Ленакапавир» тікелей капсидті бөгеп, жұқтыруды бастапқы кезеңде тоқтатады.
Клиникалық сынақтар препараттың өте жоғары — 99% тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны вируспен күрестегі «нағыз серпіліс» деп атады. Алдын алу курсы жылына небәрі екі екпеден тұрады, бұл жұқтыруға қарсы жоғары деңгейде қорғаныс береді.
Дегенмен, мамандар препараттың ауру жұқтырған науқастарды емдеуге арналмағанын айтады. Соған қарамастан, бұл жаңалық болашақта АИТВ-ны емдеуге арналған ұқсас дәрілерді жасауға жол ашады.
Препарат Sunlenca сауда атауымен шығарылады. Жылдық курс құны 28 218 АҚШ доллары, бұл оны алдын алу құралдарының ішіндегі ең қымбаттарының біріне айналдырып тұр.
Сонымен қатар өндіруші компания АИТВ кең таралған Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Кариб өңіріндегі 120 кедей елде арзанырақ балама дәрілерді өндіруге рұқсат беруге дайын екенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық