Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
ФИФА әлем чемпионаттарына қатысты коммерциялық құқықтардың бір бөлігін жеке инвесторларға сату идеясынан бас тартты. Бұл шешім УЕФА тарапынан айтылған қатаң сын мен бойкоттан кейін қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар Еуропа, Азия және Солтүстік Америка футбол конфедерациялары да бұл бастамаға қарсы шыққан.
ФИФА президенті Джанни Инфантино әлем чемпионаттарын ұйымдастыру ісіне жеке инвесторларды тарту туралы ұсынысын кері қайтарды. Оның айтуынша, барлық пікірлерді тыңдай келе, бұл жоба келіспеушіліктерге әкелгені және бастапқы мақсатқа сай келмейтіні анықталған.
«Біздің басты мақсатымыз әрдайым біріктіру және дамыту болады», — деді ол.
Бұған дейін ФИФА FIFA Forward Enterprise атты еншілес компания құрып, оған әлем чемпионаты мен клубтық әлем чемпионатын басқаруды тапсырмақ болған. Турнирдің спорттық бөлігін ФИФА өзі қадағалайды деп жоспарланғанымен, компанияның 20 пайызға дейінгі үлесін жеке инвесторларға беру көзделген.
Бұл мәміле ұйымға 4 миллиард доллардан астам табыс әкелуі мүмкін еді. Сондай-ақ, сарапшылар Инфантино президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін осы жаңа құрылымның басшысы болуы мүмкін деген болжам айтқан.
Алайда УЕФА және басқа да құрлықтық ұйымдар бұл бастама футболды шамадан тыс коммерцияландыруға әкеледі деп есептейді. Жобаға Еуропа, Солтүстік және Орталық Америка, сондай-ақ Азия конфедерациялары қарсы шыққандықтан, ол ФИФА ішінде де жеткілікті қолдау таппауы мүмкін еді.
Айта кетейік, УЕФА құрамына 55 ел (оның ішінде Қазақстан да бар), ал КОНКАКАФ құрамына 41 ел, АФК құрамына 47 ел кіреді. Бұған дейін УЕФА барлық мүшелері, соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы да, әлем чемпионатын коммерцияландыру жоспарына байланысты ФИФА жарыстарына қатысудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Кейін бұл ұстанымды АФК мен КОНКАКАФ та қолдады.
Біз бұған дейін УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялағанын жаздық. Еуропалық футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) және ұйым құрамына кіретін 55 ұлттық футбол қауымдастығы ФИФА ұйымдастыратын барлық турнирлерге, соның ішінде Әлем чемпионатына қатысудан бас тарту туралы бірауыздан шешім қабылдаған еді.
Әлемдік футболда ірі жанжал туындауына ФИФА басшылығының әлем чемпионаты құқықтарын жеке инвесторларға сату жоспары себеп болды. Себебі Трамп күйеу баласы арқылы осы додаға қол салды. Шетелдік БАҚ-тар Джанни Инфантино әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін жеке компания құрып, оның акцияларын Дональд Трамптың жақын ортасының қолдауымен сату жолдарын қарастырып жатқанын жарыса жазды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық