«Адвокат» әкімнің аузын айға қаратып кетті
Фото: gov.kz
Ақтөбе облысындағы бұрынғы шенеунікке өзін адвокат ретінде таныстырған әйел ақтау үкімін алып беруге уәде еткен. Қызметі үшін сегіз миллион теңге сұрап, оның жартысын алғанымен, уәдесін орындамаған. Бұл туралы Orda.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Полицияға бұрын Шалқар қаласының әкімі болған азамат жүгінген. Ол бұған дейін төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Ол өзінің үкіммен келіспейтінін айтып, көмек көрсететін адамдарды іздеген.
Туысы оған заңгерлік көмек көрсете алады деп С.Қаламкас есімді әйелді ұсынған. Әкесімен бірге оның үйіне барған кезде әйел ақтау үкімін алып бере алатынын айтып, қызметі үшін сегіз миллион теңге сұраған.
Ер адам оған айтылған қаражаттың жартысын берген. Бір аптадан кейін әйел істің «шешіліп жатқанын» айтып, оң нәтиже шыққанда қалған ақшаны төлеу керек екенін хабарлаған. Алайда іс жайына қалып, әкім де ақталмаған.
Бұрынғы әкім заңгермен ешқандай келісімшарт жасамаған және ақшаны түбіртексіз берген. Ал әйел бұл қаражатты қарыз ретінде алғанын айтқан.
Қылмыстық іс барысында С.Қаламкастың пәтерге қатысты алаяқтық істері де анықталған. Бұл жолы ол сыбайласы Т.Ақботамен бірге әрекет еткен. Т.Ақбота адамдарға ақшаға «Самұрық-Қазына» жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекке тұрғызып, кейін сатып алу мүмкіндігін ұсынған.
Мысалы, бір ер адамға Астанадағы «Эдельвейс» тұрғын үй кешенінен бір екі бөлмелі және «Highvill» кешенінен үш үш бөлмелі пәтерге кезекке қоямыз деп уәде берген. Ол сеніп, алаяқтарға 47 миллион теңге берген.
Осыған ұқсас тәсілмен С.Қаламкас пен Т.Ақбота тағы бірнеше адамды алдаған. Алаяқтықты түсінген тұрғындар полицияға жүгінген.
Сот екі әйелді де кінәлі деп таныды. 54 жастағы С.Қаламкас алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылып, үкім жарияланғаннан кейін бірден қамауға алынды.
Оның сыбайласы Т.Ақбота да алты жылға сотталды, алайда кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, жаза үш жылға кейінге шегерілді. Сотталғандар жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық