АҚШ 50 елдің азаматтарына 20 мың долларға дейін визалық кепілдік енгізеді
Фото: finratings.kz
АҚШ 3 тамыздан бастап әлемнің 50 елінің азаматтары үшін тұрақты визалық кепілдік енгізеді. Олардың қатарында Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді виза алу кезінде олар 20 мың долларға дейін кепілдік төлеу тиіс. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.
Әңгіме іскерлік және туристік визаларға (B-1/B-2) қатысты. Кепілдік мөлшерін әр жағдайда консулдық қызметкері жеке анықтайды.
Сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, егер виза иесі белгіленген мерзімде АҚШ-тан кетсе, визаны пайдаланбаса немесе оған елге кіруге рұқсат берілмесе, төленген кепілдік қайтарылады. Ал егер адам елде болу шарттарын бұзса, кепілдік қаражат ұсталып қалады.
Тізімге Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан бөлек, Алжир, Ангола, Бангладеш, Камбоджа, Орталық Африка Республикасы, Моңғолия, Непал, Никарагуа, Тунис, Уганда, Венесуэла, Зимбабве және Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасының басқа да елдері енген.
Қазақстан бұл тізімге кірмеген.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл шешімді аталған елдердің азаматтары визалық режимді жиі бұзатынымен түсіндірді. Кепілдік енгізу визаны заңсыз пайдалану мен елде рұқсат етілген мерзімнен артық қалу жағдайларын азайту үшін қажет.
Бұған дейін кепілдік бағдарламасы пилоттық режимде жұмыс істеген, онда өтініш берушілерге жағдайға байланысты 5 мыңнан 15 мың долларға дейін кепілдік белгіленетін. Енді ең төменгі 5 мың долларлық шек алынып тасталып, ең жоғарғы қараажат 20 мың долларға дейін артты.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы осы тізімдегі елдердің азаматтары АҚШ-та болу мерзімін шамамен 45,5 мың жағдайда асырып жіберген. Ал пилоттық жоба іске қосылған алғашқы 10 айда мұндай жағдайлар 50-ден аз болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық