«Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
Алматы ПД бейнесінен кадр
Алматы қаласында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен әйелді ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы полиция департаменті әлеуметтік желіде есірткі тасушы «жұмысын» бастағанына небәрі екі күн болған әйелдің ұсталғаны туралы бейне жариялады.
Күдіктінің уақытша тұрған мекенжайында жүргізілген тінту барысында есірткі болуы мүмкін зат салынған 113 түйіншек, электронды таразы, орау материалдары және ұялы телефондар тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды» деп жазылған Алматы ПД хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған әйел интернет арқылы есірткі сатумен айналысатын дүкеннің «жасырын қойма» тәсілімен таратушысы болып іске кіріскен. Оның бұл іспен айналысқанына небәрі бірнеше күн болғаны анықталыпты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық