Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат рас па?
Фото: Әлеуметтік желіден
Ресейлік БАҚ Украинадағы шабуылдарға байланысты Wildberries компаниясы өз қоймаларын Қазақстанға көшіруі мүмкін екенін хабарлады. Алайда Қазақстан билігі бұл туралы ресми өтініш түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
DW-нің Астанадағы жоғары лауазымды саяси дереккөзі бұл нұсқа әзірге тек болжам ретінде қарастырылып отырғанын, себебі оның тауар бағасының қымбаттауына әкелетіні анық екенін айтқан.
«Қазақстандағы қоймалардан Ресейдің еуропалық бөлігіндегі тұтынушыларға тауар жеткізу қашықтықты бірнеше есе ұзартады. Екі елде де халықтың сатып алу қабілеті төмендеп жатқан жағдайда бұл тауарлардың қымбаттауына және сатылым көлемінің азаюына әкеледі» депті DW сұхбаттасы.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда көлемі 100 мың шаршы метрден асатын бос қойма жоқ. Сонымен қатар, негізгі қойма инфрақұрылымы Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды сияқты ірі қалалардың маңында шоғырланған. Ал Ресеймен шекаралас Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл қалаларында мұндай нысандар іс жүзінде жоқ.
Сондай-ақ дереккөз Wildberries тауарлары Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өткен жағдайда, билік санкция талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты. Қос мақсатта қолданылуы мүмкін тауарларға жол берілмейді.
«Қазақстан мұндай тауарларды жеткізу үшін өз аумағын пайдалануға жол бермейді. Егер оларды қайта экспорттауға немесе Ресейге шығаруға әрекет жасалса, шекаралық бақылауға жататын жүктің бәрі міндетті түрде тоқтатылып, бұғатталады», – деп атап өткен ол.
Ресейдегі қоймаларға жасалған дрон шабуылдарынан кейін Wildberries тәуекелдерді азайтып, сатушылар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тауарларды әртүрлі логистикалық орталықтар арасында қайта бөлуге кірісті.
Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясынан Қазақстан аумағында қосымша қойма орналастыруға қатысты ресми өтініш түспегенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай ұсыныс келіп түскен жағдайда, ол Қазақстанның ұлттық мүдделері мен қолданыстағы заңнама талаптарына сай қаралады.
Бұған дейін Ресейдегі қоймалардың бүлінуінен қазақстандық кәсіпкерлердің де зардап шеккені айтылған болатын. Алдын ала есеп бойынша олардың шығыны 1 миллиард теңгеден асып кеткен.
Еске салсақ, біз былтыр Wildberries маркетплейсінде кәсіп жүргізуді үйретемін деп уәде берген, елге танымал блогердің соңынан ерген 30 шақты кәсіпкер не ақшасын, не тауарын ала алмай жүргенін жазған едік.
Монымен қатар Wildberries компаниясының иесі Татьяна Кимнің күйеуі Владислав Бакальчук Қырғызстан азаматтығын алған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық