Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
Фото: Қостанай облыстық ПД
Қостанай облысы аумағындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Апат Қостанай – Қарабұтақ тасжолында Бейімбет Майлин ауданына қарасты Валерьяновка ауылының маңында болған.
Полиция мәліметінше, Chery Cowin және Mazda 626 көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан Chery Cowin көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Ал осы көліктегі тағы үш жолаушы және Mazda 626 жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша, Chery Cowin жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық