Shubat Fest: Маңғыстауда шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдер фестивалі өтеді
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысында түйе шаруашылығын дамытуға, шұбат өндіруге және дәстүрлі сусынды кеңінен насихаттауға арналған Shubat Fest фестивалі өтеді, деп хабарлайды Orda.kz облыс әкімдігіне сілтеп.
Іс-шара өңір әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Маңғыстауда фестиваль аясында ең үздік шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдер анықталады
Байқауға онлайн тіркелу 1–10 тамыз аралығында болады.
Облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше, фестиваль аясында шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдер көрмесі, дәм тату шаралары, өндірушілер арасындағы байқау, ғылыми-тәжірибелік кездесулер мен салалық талқылаулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ фермерлер арасында тәжірибе алмасуға арналған алаңдар мен мәдени бағдарлама қарастырылған.
Фестивальге түйе өсірумен айналысатын шаруашылықтар, өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері шақырылады. Сонымен қатар іс-шараға ғылыми ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар өкілдері, инвесторлар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлер қатысады.
Қатысушылар тіркеуден өткеннен кейін олардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалайды. «Ең үздік шұбат» номинациясы жеңімпазы зертханалық сараптама мен халықтың онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
Шұбаттан бөлек, қатысушылар түйе сүтінен жасалған ең үздік өнім өндіруші атағы үшін де бақ сынайды. Номинациялар қатарында ең дәмді құрт, балқаймақ және түйе сүтінен жасалған десерт те бар. Байқаудың бас жүлдесі — автокөлік.
Shubat Fest фестивалінің финалы 29 тамыз күні амфитеатр алаңында өтеді. Іс-шараның нақты басталатын уақыты ұйымдастырушылар тарапынан қосымша хабарланады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық