Билік теракт деп атады: Мәскеудегі жарылыстан үш адам қаза тапты
Фото: Әлеуметтік желіден
Ресейлік БАҚ пен телеграм-арналар, соның ішінде Baza, Shot және «Осторожно, новости», 1 тамыз кешінде Мәскеудегі Кудрин алаңындағы «Баррикадная» метро станциясы маңындағы биік ғимарат жанында жарылыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Бірнеше сағаттан кейін Ұлттық антитеррорлық комитет жарылғыш құрылғы іске қосылғанын, оны мейрамханаға әйел адам алып кірмек болғанын мәлімдеді.
Baza мәліметінше, жарылыс Balzi Rossi мейрамханасында болған. Ол көпқабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Сонымен қатар ол жерде өрт шыққан. Оқиға орнына көптеген өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктері жеткен.
Кейінірек БАҚ жарылыс мейрамхананың жазғы верандасының кіреберісінде, жеке кеш өтіп жатқан жерде болғанын нақтылады. Куәгерлердің айтуынша, онда шамамен 50 адам қатысқан той өткен. Ал ASTRA басылымы куәгерлерге сілтеме жасап, мейрамханада «генералдың туған күні» тойланғанын жазды.
Телеграм-арналардың хабарлауынша, Balzi Rossi — әдетте элита өкілдері баратын қымбат мейрамхана.
Кейінірек жарылыс мейрамхананың ішінде емес, оның маңында болғаны нақтыланды. Мейрамхананың Instagram парақшасында «барлығы қалыпты» деген жазба жарияланғаны туралы журналист Ксения Собчак хабарлаған, алайда біраз уақыттан кейін бұл жазба өшірілген.
Мейрамхананың бас аспазы Карло Альфиери әлеуметтік желіде «мейрамхана мен асүй толықтай қалыпты жағдайда, мәселе сыртта болды» деп жазып, асүйде газ баллоны жарылды деген ақпаратты растаған жоқ. Кейін бұл жазба да қолжетімсіз болып қалған.
Ұлттық антитеррорлық комитеттің мәліметінше, Кудрин алаңындағы мейрамхана маңында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Қаза тапқандар — құрылғыны алып жүрген әйел, оны мейрамханаға кіргізбеген күзетші және аты аталмаған бір келуші.
Бұған дейін ВЧК-ОГПУ телеграм-арнасы жарылғыш құрылғы бір адамның қолында жарылғанын, ол адамды білместен пайдаланған болуы мүмкін екенін жазған.
Алғашында БАҚ бір адам қаза тапты деп хабарлаған. Кейін Mash пен Baza үш адамның қаза болғанын жазды.
«Кудрин алаңындағы №1 үй маңындағы жазғы кафеде болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті» деп мәлімдеді елдің Ішкі істер министрлігі.
Тергеу комитеті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны нақтыланып жатқанын хабарлады. «112» телеграм-арнасының дерегінше, 17 адам ауруханаға жеткізілген, ал Ұлттық антитеррорлық комитет 21 адамның жараланғанын мәлімдеді.
Билік әзірге мейрамханаға келген адамдардың кім болғанын және қаза тапқандардың жеке тұлғасын жариялаған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық