Ағайынды алты егіз мерзімді әскери қызметін бірге өткеріп жүр
Фото: gov.kz
Ең қызығы әскери қызмет 6 жұп егіз ағайындыларды бір гарнизонда тоғыстырған. Бұл Қазақстан армиясында сирек кездесетін жағдай, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір гарнизонда бір мезетте 6 жұп егіз ағайынды, яғни 12 сарбаз бірге мерзімді әскери қызметтерін атқарып жатыр. Мұндай оқиға тіпті Қарулы күштер ауқымында да өте сирек кездесетін жайт.
Бірге қызмет етіп, бірге жүру ағайынды жігіттер үшін үлкен қолдау екені сөзсіз. Гвардиялық гарнизондағы әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген егіздердің айтуынша, бауырлардың бірге болуы моральдық тұрғыдан әлдеқайда жеңіл. Сонымен қатар бұл үлкен жауапкершілік те жүктейді.
Бауырлар бірге жүргенде жаңа ортаға тез бейімделеді, ұжымға оңай сіңіседі, әскери дайындықтан да сенімді өтеді, күнделікті қиындықтарды бірге еңсереді.
Сонымен қатар әр егіз жұп түрлі әскери мамандықтарды игеріп жатыр екен.
Мысалы, Түркістан облысынан келген Қонысбай мен Құттыбай Жұмабековтер 30212 әскери бөлімінде БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының «нысанашы-операторы» мамандығын меңгеруде. Олардың айтуынша, бірге қызмет ету жаңа кәсіпті тез үйренуге және оқу-жаттығу тапсырмаларын сенімді орындауға көмектеседі.
Алматы қаласынан келген Нұрбол мен Айбол Ұлдахан 30212 әскери бөлімінің автомобиль ротасында КамАЗ көлігінің жүргізуші-механиігі болып қызмет атқарады. Әскерге дейін олардың мамандықтары әртүрлі болған екен. Олардың бірі – сәулетші, екіншісі – педагог-журналист мамандығын оқыған. Қазір екеуін біріктіретін ортақ мақсат — Отан алдындағы борышты абыроймен өтеу.
Түркістан облысының Түлкібас ауданынан келген Арсений мен Александр Зайцевтер 21450 әскери бөлімінде қызмет етеді. Бірі пулеметші, екіншісі гранатометші мамандығын игеріп жүр. Олардың тек сырт келбеті ғана емес, көзқарастары мен қызығушылықтары да ұқсас. Олар қазақы ортада өскендіктен қазақ тілін еркін меңгерген.
Солтүстік Қазақстан облысынан келген Владимир мен Геннадий Жирновтар 82796 әскери бөлімінің артиллериялық бөлімшесінде қызмет етеді. Олар қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеріп, ату дағдыларын жетілдіруде.
Ал Алматы облысынан шыққан Ердоc пен Ердос Омаровтар 01098 әскери бөлімінде қызмет етеді. Бірі байланыс взводында телефон желісіне бақылаушы болса, екіншісі – сол бөлімшенің жүргізуші-маманы.
Талдықорғандық Даниил мен Станислав Алехиндер де 82796 әскери бөлімінде қызмет етеді. Даниил — аға радиотелефонист, ал Станислав — КамАЗ жүргізуші-механигі. Бос уақыттарында олар спортпен айналысып, кітап оқуға көңіл бөледі.
Әскери қызмет — тек міндет емес, тәрбие мектебі екені белгілі. Бұл алты жұп егіздің оқиғасы әскери қызметтің тек кәсіби дайындық қана емес, сонымен қатар адамды шыңдайтын үлкен өмір мектебі екенін көрсетеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық