ЖСДП Құрылтай сайлауына 33 кандидат тізімін бекітті
Фото Informburo.kz
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия XXV кезектен тыс съезінде сайлауалды бағдарламаны, Құрылтай сайлауына арналған кандидаттар тізімін бекітіп, жаңа электоралдық кезеңге арналған саяси стратегиясын айқындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс-шараны ашқан партия төрағасы Асхат Рахымжанов Қазақстан жаңа Конституция қабылданғаннан кейін саяси дамудың жаңа кезеңіне өткенін атап өтті. Оның пікірінше, Негізгі заңда бекітілген көптеген нормаларды ЖСДП ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде алға тартып келген.
«Көріп отырғанымыздай, біздің идеяларымыз бен тәжірибелік ұстанымдарымыз Негізгі заңда көрініс тапты. Бұл – біздің ұстанымдарымыздың дұрыстығын дәлелдейтін ең айқын айғақ. Сонымен қатар, мұны біздің табандылығымыздың, беріктігіміздің және өз ұстанымдарымызды қорғаудағы азаматтық батылдығымыздың тарихи сыйы деуге болады. Оның үстіне, мұны партиямыздың жиырма жылдық мерейтойы қарсаңында айтып отырғанымыз да мәнді», – деді ол.
Сондай-ақ партия төрағасы ЖСДП дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасы «Прогреске апарар жолдағы 20 шың» деп аталды.
Бағдарлама төрт негізгі бағытты қамтиды:
- әділетті мемлекет;
- адам мүддесіне қызмет ететін экономика;
- лайықты өмір сапасы;
- цифрлық дәуір мен жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы Қазақстанның дамуы.
Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. 13 шілде сағат 18:00-ге дейін саяси партиялар кандидаттар тізімін ұсынады.
Құрылтай 145 депутаттан тұрады, олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша сайланады. Олардың өкілеттік мерзімі – бес жыл. Төраға лауазымына кандидатураны президент ұсынады.
Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға бірнеше партия дайын екенін мәлімдеді. Кандидаттар тізімін Respublica, «Ақ жол», «Ауыл» және Қазақстанның Халық партиясы бекітіп үлгерді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық