Тамара Асар мен Аша Матай ҚХП атынан Құрылтай сайлауына кандидат ретінде ұсынылды
Фото: Қазақстан халық партиясы
Қазақстанның Халық партиясы съезін өткізіп, депутаттыққа кандидаттар тізімін таныстырды. Тізімге 72 адам енген, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың орташа жасы – 45 жас. Кандидаттардың 10-ының мәслихаттарда, ал тағы төртеуінің Мәжілісте жұмыс тәжірибесі бар.
Кандидаттар қатарында партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, Мәжілістің бұрынғы депутаты Ирина Смирнова, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов, әнші Тамара Асар, тележүргізуші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), сондай-ақ президент оркестрінің бұрынғы бас солисі Ардақ Балажанова бар.
Ал Қазақстанның Халық партиясының ең танымал өкілдерінің бірі Мағеррам Мағеррамов бұл жолы кандидаттар тізіміне енген жоқ. Ол VI, VII және VIII шақырылымдардағы Мәжіліс депутаты болған.
Съезде Парламенттегі партия фракциясының жұмысы да қорытындыланды. Осы шақырылым барысында депутаттар үш заң жобасын әзірлеп, заңнамаға 1,5 мыңнан астам түзету ұсынып, 600-ге жуық депутаттық сауал жолдаған.
Жүзеге асқан бастамалардың қатарында балаларға паспорт рәсімдеу құнын төмендету, колледж студенттерінің шәкіртақысын көбейту, қоғамдық орындардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейту, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарын білім грантын өтеу міндетінен босату және Павлодардағы кеме жөндеу зауытын сақтап қалу бар.
Съезде соңғы уақытта Қазақстан халық партиясының қатарына 43 мыңнан астам жаңа мүше қабылданғаны да айтылды. Қатысушылар мұны партияға деген қоғамдық қолдаудың күшейгенінің көрінісі деп бағалады.
Съезд қорытындысында партия сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар құрамын таныстырып, Құрылтай депутаттары сайлау науқанына ресми түрде кіріскенін жариялады.
Еске салсақ, бұған дейін «Ауыл» партиясы кезектен тыс XXVI съезі барысында сайлауалды бағдарламасын және Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті. «Ауыл» партиясы Құрылтай сайлауына 69 кандидат ұсынатынын жаздық.
Ал Respublica партиясы Құрылтай тізіміне 76 адамын бекітіп, «Ақ жол» партиясы Құрылтайға 63 кандидат ұсынғанын да тапа өттік.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық