Митинг — өркениетті саяси өмірдің құрамдас бір бөлігі
Азаттық Редакциясынан
Елдегі митингтердің өту мақсаты мен өзектілігі халықтың көкейінде тұрған сұрақ. ORDA. редакциясы эксперттердің пікірлерін сұрап шеруге шығатын адамдар мен шеруді басуды меңзеген биліктің психологиялық «портретін» құрастырды.
Қазақстандық саясаткер, қойғам қайраткері, журналист Әміржан Қосановтың айтуынша қоғамда қордаланған мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.

— Біріншіден, биліктің солақай да жауапсыз саясатының кесірінен қоғамда қордаланған мәселелер өз шешімін таба алмай келеді. Экономикалық дағдарыс, пандемия халықтың жағдайын күрт төмендетіп жіберді. Оның есесіне шенділер мен оларға жақын топтар одан сайын баюда. Саяси реформалар қолға алынған жоқ. Халық осының бәрін көріп, наразы. Екіншіден, шынайы демократиялық күштер ресми мәртебе ала алмай келеді, тәуелсіз партиялар тіркелмеген, парламентте жоқ. Сондықтан да наразылар алаңдар мен көшеге шығады.
Алдыңғы президенттік сайлау кандидатының айтуынша биліктің шеруге шыққандардан сонша қорқуы негізсіз.
— «Қорыққанға қос көрінеді» дейді атам қазақ. Біздің билік митингілерді өркениетті саяси өмірдің құрамдас бір бөлігі ретінде психологиялық тұрғыдан қабылдай алмай келеді. Әйтпесе, қаланың бір жеріне жиналған жүз шақты адамнан ол биліккке қандай қауіп бар дейсіз?! Олар басып алуы мүмкін Ақорда да басқа қалада емес пе?
Республикада бейбіт шеру өткізу мүмкіндігі мен «кеттлинг» әдісі туралы саясаткердің пікірі мынадай:
— Бізде митингілер туралы заңнама біршама өзгергенмен, оның түйткілді, екіұшты тұстары әлі де бар. Соларды дұрыстау қажет. Конституция бойынша, бейбіт митингілер мен шерулер өткізуге құқымыз бар. Ол орындаулы тиіс. Президент кезінде «енді митингілер өткізу үшін рұқсат сұраудың керегі жоқ, ескертсе ғана болды» деген. Бұл, шынымен, мықты шешім болар еді. Бірақ іс жүзінде президент сөзі орындалмай отыр. Мәселенің бәрі нақты жағдайға тіреледі. Қалаларда арнайы белгіленген орындар бар дейді. Бәлкім, сол орындардың тізімін кеңейту керек болар. Және де ағымдағы заңнаманы біле отырып, оны бұзатын бастамашы топтар да өз жауапкершілігін сезінуі тиіс деп ойлаймын. Соңғы кезде жиі қолданыла бастаған «кеттлинг» әдісін сорақы әрі ұят, адам құқын көпе-көрінеу таптау деп санаймын!
28 ақпан күні шеруге шыққандардың қатарында белгілі оппозиционер, журналист Жанболат Мамай да болды. Биліктін іс-әрекеті Жанболат Мамай мынадай «баға» берді.

— 28 ақпандағы митингке билік екі күн бұрын дайындалды. Бас прокуратура жұмыс істеді. Билік қатты үрейленгені көрінді. Бұл репрессия деп айтса да болатын шығар. Бұдан әрі қысымды қайда күшейтеді? Енді Ресейдегідей, Беларустағыдай бізді ұрып соқпаса болды.
Мамайдың ойынша қойылған талаптардың орындалуы қиын мәселе емес.
— Біздің қойған талаптарымыз жер мәселесі. Қазақстан жері шетелдіктерге берілмеу керек деген талапты қойып отырмыз. Одан кейін, Еуропарламенттің қарарын біз толық қолдаймыз. Және онда қойылған талаптар орындалсын дейміз. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар. Дұрыс баспанасы жоқ. Әр отбасыға дұрыс баспана берілуі керек.
Алматы әкімінің орынбарасары Ержан Бабақұмаровтың «митинг заңсыз» деген сөзімен журналист толықтай келіспеді.
— Қазақстанда ескерту формасында митинг өткізуге болады. Бабақұмаровтың айтып отырғаны қате. Біз оның рұқсатын сұрамаймыз.(!) Біз әлеуметтік желілерде хабарладық. Халыққа ескерттік. Сондықтан біз шеруімізді заңсыз деп есептемейміз.
28 ақпан күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде наразы топтар жиналып, билікке талаптарын қойды. Қазақстанның көптеген қалаларында арнайы топ пен полиция жасағы наразылық білдірушілерді таратуға тырысты. Көнбегендерін ұстап әкетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық