Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
Фото: Әлеуметтік желіден
Ақтөбе гарнизонының әскери соты мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержантты бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу сержант К.-ны билікті және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланды деп айыптады, соның салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келген (ҚР ҚК 451-бабы 1-бөлігі). Тергеу нұсқасы бойынша, К. мерзімді әскери қызметшілерге жауапты бола отырып. сарбаз С.-ға орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтірген жарақат салған.
Прокурор сержантқа бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. К.-ның өзі кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті. Ол азаматтық талапты ішінара ғана мойындап, жәбірленушінің өкіл қызметіне кеткен сот шығындарын ғана өтеуге келісті.
Ал жәбірленуші айыпталушыны заң аясында жазалауды және талап-арызды толық қанағаттандыруды сұрады.
Сот К.-ның кінәсін дәлелденді деп таныды. Оны сот-медициналық сараптама қорытындысы, жәбірленушінің, куәлардың және сарапшының айғақтары растады.
«Ақтөбе гарнизонының әскери соты К.-ны ҚР ҚК 451-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны бір жылға бас бостандығынан айырды» деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар сот сержанттан моральдық зиянды өтеу үшін 700 000 теңге, сондай-ақ өкіл қызметіне жұмсалған сот шығындары ретінде тағы 900 000 теңге өндіріп алды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отыырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық