Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay
Түркияның Анталья қаласында өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан көз жұмды. Ол өзін жайсыз сезініп, ауруханаға бара жатқан жолда мотоциклмен апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркияның Анталья қаласында 18 жастағы Қазақстан азаматы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 15 маусымда болған. Марқұм Түркиядағы қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеп, өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген. Туыстарының айтуынша, қыздың іші қатты ауырып, өзін жайсыз сезінген. Осыдан кейін танысы оны мотоциклмен ауруханаға алып шыққан.
Алайда жолда олар жол-көлік оқиғасына тап болған. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі көліктен ұшып кеткен, ал қазақстандық қыз ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған. Марқұмның туыстары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі әділ тергеуге көмектесуді сұрап, құзырлы органдарға жүгінді.
Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасады. Мнистрллік Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, ведомство қыздың қаза болуына қатысты мән-жай Бас консулдықтың бақылауында екенін, қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді
Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық