Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін Еуропа көшбасшыларына арнаулы тапанша сыйлады
Фото: haberler.com
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін еуропалық көшбасшыларға аты-жөні жазылған Sarsilmaz SR 38 тапаншасы мен жауынгерлік оқ сыйлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Politico басылымының жазуынша, сыйлық алғандардың қатарында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Еурокеңес төрағасы Антониу Кошта бар. Алайда Бельгияда қару-жарақ заңы өте қатаң болғандықтан, олар тапаншаны өздерінде сақтай алмауы мүмкін. Коштаның қаруын қауіпсіздік қызметі бірден тексеруге алып кеткен.
Ал Ұлыбритания премьері Кир Стармер мен Нидерланд үкіметінің басшысы Роб Йеттен тапаншаларды атуға жарамсыз ету үшін Түркияда қалдыруды ұйғарған. Мәселен, Йеттеннің қаруы Анкарадағы Нидерланд елшілігінде қалғаны расталды.
Бұл сыйлықты Словакия президенті Петер Пеллегрини журналистерге көрсетті. Үкіметтік ұшақта түсірілген кадрларда Пеллегринидің ағаш қорапты ашып, Ердоған сыйлаған қаруды көрсетіп тұрғаны байқалады.
Режеп Тайып Ердоған Анкарада өткен НАТО мемлекет және үкімет басшыларының 36-шы саммитінен кейін көшбасшыларға есімдері қашалған арнайы револьверлер табыстағаны Еуропада әлі де қызу талқыланып жатыр.
Бұл жолы Словакия президенті Петер Пеллегрини саммиттен оралған соң қызметтік ұшақта журналистерге Ердоған сыйлаған арнайы револьверді көрсетті. Мәліметке сәйкес, көшбасшыларға берілген бұл револьвер 1990-жылдары «Машине ве Кимья Эндюстриси» (MKE) компаниясы шығарған Gümüşay .357 Magnum үлгісі.
Ағаш қорапқа салынған сыйлықта Түркия мен НАТО логотиптерімен қатар, түрік және ағылшын тілдерінде «Біздің елде өндірілген алғашқы револьверлі тапанша» деген жазу бар.
Ердоғанның НАТО саммитінде көшбасшыларға сыйлаған арнайы револьверлері бұған дейін де Еуропада үлкен резонанс тудырған болатын. Кейбір көшбасшылар сыйлықты сақтап қалса, кейбір елдерде револьверлердің тағдыры қоғамда қызу пікірталасқа айналды.
Еске салсақ, 7-8 шілдеде Анкарада өткен саммитке альянсқа мүше 32 елдің басшысы қатысты.
Біз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған ANKA ұшқышсыз аппараттарын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойғанын жазғанбыз.
ANKA — Түркияның Turkish Aerospace Industries компаниясы жасаған барлау, бақылау және соққы жасауға арналған дрон. Ол 2013 жылдан бері қолданыста.Түркия бұл ұшқышсыз аппараттарды Таяу Шығыс, Азия және Африка елдеріне экспорттап келеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық