Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
Фото: Orda.kz.
Қостанайда пойыз вагонының үстіне шығып суретке түспек болған жасөспірім тоққа түсіп, денесінің 60 пайызын күйік шалды. Оқиғадан кейін оның қамқоршысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 25 маусымда Қостанай станциясының Оңтүстік теміржол паркінде болған.
Жасөспірім суретке түсу үшін байланыс сымдарының астында тұрған пойыз вагонының төбесіне шыққан. Салдарынан оны электр тогы соғып, денесінің 60 пайызын III дәрежелі күйік шалған, сондай-ақ мұрны мен тілі жарақаттанған.
Сот мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін оның қамқоршысы жауапқа тартылған.
Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, баланың анасы қайтыс болғаннан кейін жиеніне қамқоршы болғанын айтқан. Сот қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды
Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық