Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
Фото: gov.kz
Қазақстан көші-қон ережелерін (әзірге пилоттық жоба аясында) қатаңдатты. Жаңа талаптар қандастарға да, елмен туыстық байланысы бар адамдарға да, сондай-ақ Қазақстанмен ешқандай байланысы жоқ тұлғаларға да қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан қандай ережелер енгізіп отыр, олардың мақсаты қандай, елдегі көші-қон үдерістерінің ерекшелігі неде, енді тұрақты тұруға рұқсат (ТТР) алу үшін не қажет және бұл өзгерістерді келушілер қалай қабылдап жатыр?
Қазақстан посткеңестік кеңістікте көшуге ең тартымды бағыттардың біріне айналды. 2026 жылы америкалық Remitly компаниясы елімізді Immigration Index рейтингіне енгізіп, Қазақстан 82 елдің ішінде 53-орынды иеленді және зерттеуге қатысқан ТМД елдері арасында көш бастады. Рейтинг авторлары өмір сапасы, экономикалық мүмкіндіктер және шетелдіктер үшін жасалған жағдайларды бағалаған.
Сонымен қатар биыл көктемде Қазақстан тұрақты тұруға қалғысы келетін шетел азаматтарына қойылатын талаптарды күшейтті. Енді тұрақты тұруға рұқсат (ТТР) алғысы келетін әрбір үміткер — шетелдіктің елде заңды түрде 10 жыл тұруына және азаматтармен тең құқықтардың көпшілігін пайдалануына мүмкіндік беретін құжат — мына талаптарды орындауы тиіс:
- Қазақ тілін жақсы меңгеру: ҚАЗТЕСТ-тің әр бөлімі бойынша — оқу, тыңдалым, жазылым, лексика және грамматика — кемінде 70 пайыз жинау қажет.
- Өмір сүруге жеткілікті қаражатының болуы: ТТР алғаннан кейін бес жыл бойы жыл сайын банк шотында кемінде 5,7 миллион теңге (1320 АЕК) бар екенін растау керек.
- Мемлекет белгілеген өңірлердің бірінде кемінде бір жыл тұру: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар немесе Солтүстік Қазақстан облыстары.
- Астана мен Алматы қалалары ТТР алуға үміткерлер үшін іс жүзінде жабық.
Сонымен қатар үміткерлер жоғары «иммиграциялық әлеуетке» ие болуы тиіс: сапалы білім, жұмыс тәжірибесі, шет тілдерін білу және сұранысқа ие мамандық болуы қажет.
Аталған талаптардың барлығы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлесіп қабылдаған бұйрықта көрсетілген.
Қазіргі уақытта бұл бастама пилоттық жоба ретінде қарастырылып отыр және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. Одан кейін ережелер ұзаруы мүмкін. Жоба аяқталған соң билік оның нәтижелерін, қолдану тәжірибесін және түскен ұсыныстарды талдап, қандай нормаларды тұрақты негізде қалдыру, ал қайсысын қайта қарау керектігін шешеді.
Ведомство міндетті түрде белгілі бір өңірлерде тұру талабы барлық өтініш берушілерге бірдей қолданылмайтыны атап өтілді.
Бұл талаптан босатылатындар да бар. Мәселен, кәмелетке толмағандар, инвесторлар, сұранысқа ие мамандық иелері, сондай-ақ ел экономикасына елеулі үлес қосатын, басым жобаларды іске асыруға қатысатын немесе бірегей құзыреттері бар тұлғалар.
Соңғы санатқа жататындар үшін уәкілетті мемлекеттік органның өтінішхаты қажет.
Комитет сондай-ақ пилоттық жоба аясында үміткер алдымен арнайы электронды сауалнаманы толтырып, растайтын құжаттарды қоса тіркейтінін түсіндірді. Одан кейін жүйе белгіленген критерийлер бойынша оның иммиграциялық әлеуетін автоматты түрде бағалап, өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне балл береді әрі алдын ала қорытынды қалыптастырады. Бұл нәтиже арызды әрі қарай қарау кезінде пайдаланылады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық