«Заңсыз»: Талдықорғандағы Шерзаттың сотында не белгілі болды?
Фото: Orda.kz
Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты алғашқы негізгі сот отырысы басталды. Жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев сотты Алматыға ауыстыру жайлы талабын айтты. Сот бас тартты. Басты айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл кінәсін толық мойындамады. Марқұмның әжесінің қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем дереу ауруханаға әкетті.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, үзіліс кезінде адвокат Мейірман Шекеевке сауалдарын қойды.
Сот залына келмеген кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушілерді судья керек кезде шақыратын болды. Оларға бастан-аяқ сотқа қатысу міндетті емес.
Бұған дейін марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов жасөспірімге кешірім берген еді.
Сотты Алматыға ауыстыру жайлы талапты судья мақұлдамаған соң, бұл шешімді Мейірман Шекеев заңсыз деп бағалады. Мейірман Шекеев қорғаушылардың Алматыдан келгенін, сондықтан жол мен пәтер табу мәселесі қиын екенін айтқан болатын. Соттың шешіміне қатысты тілшіміздің сұрағына әркімнің өз позициясын білдіретінін атап өтті. Айта кетейік, айыпталушы тараптың адвокаты кешігіп, сот 40 минутқа кеш басталған еді.
«Сотқа қатысушылардың бәрі Алматыдан келді. Бірде-бір Талдықорғаннан келген азаматты көрмедім. Сондықтан сотты Алматыға ауыстыру туралы өтінішті әлі де талап етуіміз мүмкін. Бастапқыда сот: «күдіктілер осында отырғандықтан бастапқы сот отырыстары осында өткізіледі» деп айтқан. Бірақ сот өзі айтып отыр ғой, жоғары соттың техникаларын пайдаланып жатыр. Тікелей эфир жүргізіліп жатыр. Бұл құрылғылардың бәрін басқа жаққа апару ыңғайсыз болуы мүмкін. Біздің тұжырым сондай. Біз сотты Алматыға ауыстырмауды заңсыз деп санаймыз. Әркім өзінің позициясын білдіреді. Сот өз тұжырымын айтты. Егер жазбаша қаулы беретін болсақ, біз жоғарғы инстанцияға шағым ғана бере аламыз. Басқа мүмкіндік жоқ. Мұның астарында қандай негіз жатқанын білмеймін. Сот өзінің қандай негізге сүйенгенін айтуы керек еді. Біз істі Қарасайдағы Алматы облыстық сотында қарауын сұраймыз», — деді Мейірман Шекеев.
Адвокат қазір қорғаушылардың саны жетеу екенін атап өтті. Оның сөзінше 7 қорғаушыны іске қосу Шекеевтің өз шешімі. Әрі 7 киелі сан болған соң, осы шешімге келгенін айтты. Қазір үзілістен кейін бірінші сотталушылардан «кінәларды мойындайсыз ба, мойындамайсыз ба?» деп сұрайды. Адвокат олар мойындамаймыз десе, жәбірленушілерден жауап алу басталатынын хабарлады. Айта кетейік, осы істе Ержан Жанұзақов судья болып отыр. Дана Сәрсенбай және Ержан Құрақбаев атты екі прокурор бар.
Сондай-ақ сот кезінде Шерзат Полаттың өліміне қатысты медициналық сараптама қорытындысы жария етілді. Бұл дерек — істің ең маңызды сәттерінің бірі. Марқұмның нақты неден қаза тапқаны туралы алғаш рет ресми түрде мәлімдеме жасалды.
Прокурор Дана Сәрсенбайдың айтуынша, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні «Қамажай» дүкенінің жанында болған жанжалдан кейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жарақат алған ұлын және бауыры Нұрқанатты көлігіне отырғызып, бар жылдамдықпен Талғар аудандық орталық ауруханасына жеткізуге асыққан.
«Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Шерзаттың өлімі көп қан жоғалтудан болған. Жарақат сол жақ өкпенің жоғарғы тұсына түскен, пышақ жүрек тұсына өте жақын орналасқан көкірек қуысына сұғылған», — деп оқыды прокурор сот залында.
Дәрігерлер оның өлімін 2024 жылы 4 қазан күні түнгі 01:30-да Талғар аудандық ауруханасында тіркеді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты