Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың өліміне қатысы бар жасөспірімге кешірім берді
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 9 күдіктінің бірі — кәмелетке толмаған жасөспірімге кешірім беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қаржаубай Нұрымов журналист Руслан Өтепбайдың Elmenbirge атты бағдарламасында мәлім етті.
Алдағы сот процесінен не күтесіз деген сұраққа ол «Алланың бұйырғаны болады», — деп қысқа қайырды.
«Ал жас балаға қатысты мен басында да айтқам, қазір де айтамын, кәмелетке толмаған баланың өміріне балта шапқым келмейді», — деді Нұрымов.
Журналистің жасөспірімге кешірім бересіз бе деген сұрағына ол былай жауап берді:
«Мен кешірімді сол кезде бергенмін ол балаға, қазір де кешірім беремін», — деді Шерзаттың әкесі.
Айта кетейік, 10 сәуір күні Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Полатқа қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Сот Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Талдықорғанда) өтті.
Тыңдалым барысында сот процесінің ашық өтетіні және алқабилер қатыспайтыны белгілі болды. Прокурор айыптау актісін оқып, тергеу изоляторында отырған тоғыз күдіктінің әрқайсысы қандай баппен айыпталып отырғанын жария етті.
Сондай-ақ, прокурор төбелес пен кісі өліміне ұласқан жанжалдың кімнен шыққанын атап өтті. Ең маңыздысы — Шерзат Полатты пышақтап өлтірді деген күдіктінің аты-жөні ресми түрде аталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық