Түрмеде жатып бизнес жасап, бостандықтағы азаматтардың қалтасын қаққан адамға жаза қосылды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Өскемендегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталған адам бостандықтағы адамдарға еш жерде жоқ коттедждерді жалға беріп, «бизнес» жүргізген, деп хабарлайды Orda.kz.       

24 жастағы жігіт Өскемен қаласындағы колонияда отырып-ақ, Павлодар қаласында жоқ коттедждерді қашықтан жалға берумен айналысқан. Алаяқтық әрекетін ол 2025 жылдың сәуірінен маусым айына дейін жүргізген.

2026 жылғы 17 мамырда күдікті Павлодарда және Бұқтырма кентінде үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландыру жариялаған. Олардың бағалары  тәулігіне 20 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін болған.

Әлеуетті клиенттер хабарласқанда, ол тұрғын үй бар екені және оны жалға алуға болатыны туралы әдейі жалған ақпарат берген.

«Кейін клиент жалға алуға келісім берген соң, ол алдын ала төлемді арнайы дайындалған банк шотына аударуды талап еткен. Түскен ақшаны өз қалауына жұмсаған» деп жазылған Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде. 

Іс бойынша жалпы осындай 30 жағдай тіркелген. Бұған дейін де алаяқтық, тонау және ұрлық үшін сотталған жігіт өз кінәсін мойындамаған. Соған қарамастан, сот дәлел жеткілікті деп танып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл жаза енді бұрынғы қылмысы үшін өтелмеген 1 жылдық мерзімге қосылады.

Жалпы келтірілген шығын шамамен 800 мың теңге болған. Алайда зардап шеккендердің тек кейбірі ғана шығынды өндіруді талап еткен.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар