Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
Алматыда кредиттік бюроларға қатысты схема әшкереленіп, олардың 2 млрд теңгеден астам шығын келтіргені мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу деректеріне сәйкес, олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және пара алды деген күдікке ілінді.
Анықталғандай, 2020 жылы «Бірінші кредиттік бюроға» кірістің жоғары үлесін – 30% орнына 35%-ға дейін алуға мүмкіндік берген келісім жасалған. Бұл мемлекеттік оператордың табыстылығын төмендеткен.
Сонымен қатар, тергеу компанияға артықшылық берген құйтырқы жолды да анықтады. Мәселен оның сұраныстары жедел өңделген, ал «Мемлекеттік кредиттік бюро» үшін әдейі кідіріс жасап, кедергі келтірген.
Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. 2025 жылдың маусымында күдіктілер осы схеманы сақтап қалу үшін 75 мың доллар көлемінде пара бергені де әшкереленді.
Күдіктілер ұсталды. Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам қаражатқа бағаланатын мүлкі мен бағалы қағаздарына тыйым салынды.
Еске салсақ, тіпті үш мың теңге үшін кей адамдар қалай өзін банкрот деп жариялаған. Ал шындығында оның нақты қарызы бір жарым миллион теңгеге жуықтайтыны белгілі болды. Негізінен барлық кредиторлар «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-на қарыз алушылардың қарыз мөлшері мен мерзімі туралы хабарлауға міндетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық