Алматыда қаланың бас жоспары мен тұрғындар мүддесі сай келмей жатыр
Фото: Midjourney
Алматыда жер телімдерін мемлекет қажетіне алу және ескі нысандарды бұзу жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін бірнеше ауданда 7 гектардан астам жерді мәжбүрлі түрде сатып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы әкімі мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерді мәжбүрлеп алу туралы бірнеше қаулыға қол қойды. Жер телімдері қаланың түрлі аудандарынан және түрлі мақсаттарға қатысты сатып алынады. Мемлекеттік қажеттіліктері үшін деп алынатын жердің жалпы ауданы - 7 гектардан асады.
Әкімдік бұл шаралар мегаполистің көлік жүйесін жақсартуға, жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға және жалпы қаланың дамуына бағытталғанын айтады.
Бұзу және жер телімдерін алу жұмыстары Алматының бірнеше ауданын қамтиды.
Медеу ауданында 1,8 гектардан астам жер мемлекет қажеттілігі үшін алынады. Бұл аумақ ұлттық қауіпсіздік мақсаттарына пайдаланылады. Осыған орай Құлжа тас жолы бойындағы (22/2 учаске) жер телімі сүрілуі мүмкін. Оның иесі – «Ле Монлид Қазақстан» ЖШС. Мәжбүрлі иеліктен шығару 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Алатау ауданында қала тұрғындары үшін ірі саябақ салу жоспарланған. Осы мақсатта әкімдік 2,5 гектардан астам жерді сатып алады. Жер телімдері Ақбұлақ ықшамауданындағы Серғазин көшесі (41/1) және Дарабоз ықшамауданындағы 143-учаскеде орналасқан. Меншік иесі – «АДМ Строй НС» ЖШС. Жерді сатып алу 2027 жылдың соңына дейін аяқталмақ.
Наурызбай ауданында 3 гектардан астам жер жолаушылар және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін алынады. Сносқа С. Жүнісов көшесіндегі (2/4 учаске) жер телімі түседі. Оның иесі – «Отау-Строй» ЖШС. Өтемақы көлемі бойынша келісім де 2027 жылдың соңына дейін жүргізіледі.
Жер иелеріне нарықтық баға бойынша ақшалай өтемақы ұсынылады. Егер меншік иесі ұсынылған ақшаға келіспесе, мәселе сот арқылы шешілуі мүмкін. Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласы Төле би көшесі 155 мекенжайына «Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге болады.
Әкімдіктің мәлісетіше, жер телімдерін алу – тек жекелеген жобалармен шектелмейді. Қалада ауқымды даму бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес жаңа жолдар мен жолайрықтар салынады, метро желілері кеңейтіледі, LRT және SkyTrain жобалары іске қосылады, жаңа мектептер, ауруханалар және инженерлік инфрақұрылым нысандары бой көтереді.
Жалпы, 2026 жылға дейін мемлекет қажетіне 1300-ден астам жер телімін сатып алу жоспарланған.
Қалада 2030 жылға дейінгі ірі жобалар жоспарланған. Алматының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары аясында қала келбеті айтарлықтай өзгеретіне әкімшілік сендіріп отыр.
Атап айтқанда,12 көше ұзартылып, жаңа бағыттар ашылады, метроның жаңа станциялары салынып, желілер «Қалқаманнан» «Барлық» базарына дейін ұзартылады, «Жібек жолы» станциясынан әуежайға дейін және «Сайраннан» Gate City-ге дейін жаңа метро желілері жүргізіледі.
Оған қоса жалпы ұзындығы 32,5 шақырым болатын LRT іске қосылады, 42 шақырымдық SkyTrain (монорельс) жүйесі салынады, BRT желісі 300 шақырымға жуық кеңейеді.
Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында жүздеген тұрғын үй мен коммерциялық нысан сүріледі. Дегенмен қаланың дамуы мен тұрғындар мүддесі сай келмей, қазірдің өзінде сүру жқмыстарына шағымданып жатқан тұрғындар жетерлік.
Алматыдағы сүру жұмыстары өте даулы мәселе, бірақ жалпы даму жоспарын ескерсек – қажетті процесс. Бір жағынан, бұл қала инфрақұрылымын жаңғыртып, көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, тұрғындардың мүліктік құқықтары мен әділ өтемақы мәселесі өзекті болып қала береді.
Сарапшылардың пікірінше, ең бастысы – ашықтық пен әділ бағалау. Сонда ғана қала дамуы мен тұрғындардың мүддесі арасында тепе-теңдік сақталады.
2026 жылдың соңына дейін Алматыда мемлекет мұқтажы үшін 1300-ден астам жер телімін сатып алу жоспарланған.
Біз бұған дайін Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүрілетіні туралы жазғанбыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған