Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
Фото: Galanz bottlers
Maxi шай курьерлері жалақының төмендігін айтып, оны көтеруді талап етіп, басшылық қысым жасап жатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жеткізу қызметі қызметкерлері компания басшылығына жалақыны көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту талабымен ашық түрде үндеу жасағанын Todayinfo.kz мәлімдеді.
2026 жылғы 15 мамырда әлеуметтік желілерде қызметкерлердің үндеуі тарады. Онда олар жұмыс көлемі көп болғанына қарамастан, нарықтағы орташа деңгейден төмен жалақы алып отырғандарын айтқан.
«Жалақыны көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту туралы өтінішімізге құлақ асуларыңызды сұраймыз. Жеткізу саласында біз ұқсас компаниялармен салыстырғанда жұмыс көлемі көп болса да, орташа деңгейден төмен жалақы аламыз», — дейді үндеу жасаған жігіттер.
Қызметкерлердің сөзінше, басшылық олардың өтініштерін елемей, «не жұмыстан кетіңдер, не осындай жағдайда жұмыс істей беріңдер» деген талап қойған.
Сондай-ақ курьерлер жұмыстан шығарылған жағдайда оларды «бап бойынша» жұмыстан қуып, табыстың негізгі бөлігі болатын сыйақы төлемдерін бермейміз деп қорқытқанын мәлімдеді.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар кеңінен таратып жатқан бейненің астына пікір жазып, әртүрі ой айтылып жатыр.
«Қызметкерлердің жалақысы есебінен пәтер сыйлайсыздар ма?» деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.
Компания иелерінің қымбат сыйлық таратып, былтыр 100 пәтер, биыл 50 пәтер уәде еткеніне қатысты айтылған пікірлер де бар.
Айта кету керек, Maxi шай Қазақстандағы ең танымал сусын брендтерінің бірі. Оның негізгі иесі Тұрсынғали Алагөзов, ал компания GALANZ bottlers деп аталады.
Мақала жарияланған сәтке дейін Maxi шай компаниясынан, сондай-ақ Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Алагөзовадан ресми пікір болған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық