Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
Фото: Ақорда
Бүгін мемлекет басшысы 73 жасқа келді. 17 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Алайда президент дәстүрлі түрде бұл күнді атап өтпейді. Дегенмен мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары түсіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаевтың отбасында туған күндерін атап өту дәстүрге айналмаған, балалары да, ересектер де бұл күнді ерекше мерекеге айналдырып, даңғаза қылмауды әдетке айналдырған. Президент бұл дәстүрді үнемі ұстанады. Сонда да мемлекет басшысының атына келген жылы лебіздермен бөліскенді жөр көрдік.
БЕЛТА агенттігі Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтағанын мәлімдеді.
«Сіздің көреген саясатыңыз, өзара құрмет пен сенім қағидаттарына берік ұстанымыңыз Беларусь пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті дамуына, оның нақты мазмұнмен және практикалық нәтижелермен толығуына ықпал етеді» деп жазылған құттықтау жеделхатында.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы ретінде Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президентін туған күнімен құттықтады.
«Сіздің басшылығыңызбен елімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің әлеуетін күшейтуге бағытталған кешенді саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан өңірдегі тұрақтылық пен прогрестің үлгісі ретінде еуразиялық және жаһандық интеграциялық үдерістердің дамуына елеулі үлес қосып келеді» деп атап өтті ол құттықтау хатында.
ЕЭК Алқасының төрағасы Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, амандық және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық жоспарлары мен бастамаларының сәтті жүзеге асуын тіледі.
Александр Лукашенко өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Қалыптасқан сындарлы диалог деңгейі алдағы уақытта да бауырлас халықтардың игілігі үшін достық қарым-қатынастарды нығайта беретініне сенімдімін» деп қосты Беларусь көшбасшысы.
Ақорда ресми сайтының мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО), ал 1992 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Әр жылдары КСРО сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған. 1992 жылы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары, 1993 жылы бірінші орынбасары болды. 1994 жылы сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
1999 жылғы наурызда премьер-министрдің орынбасары, ал 1999 жылғы қазаннан 2002 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметін атқарды.
2002 жылы Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болды. 2003–2007 жылдары қайтадан Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Бұл кезеңде ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерістерге белсенді қатысты.
2007 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы осы қызметте ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды.
2013 жылы 16 қазанда қайтадан Сенат төрағасы болып сайланды.
2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатып, мемлекет басқаруын уақытша Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. 2019 жылғы 20 наурызда ол Қазақстан Президенті ретінде ант берді.
2019 жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96% дауыс жинап, жеңіске жетті.
2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс алып, қайта сайланды. 2022 жылғы 26 қарашада ұлықтау рәсімі өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.
Мемлекет басшысының атына Ресей президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Италия президенті Серджо Маттарелла, Сербия президенті Александр Вучич, Молдова президенті Майя Санду, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Словения президенті Наташа Пирц-Мусар, Корея Республикасының президенті Ли Чже Мёң, Мьянма президенті Мин Аун Хлайн, Палестина президенті Махмұд Аббас, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Құттықтау хаттары әлі де келіп түсуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
- Алматы индустриялық аймағында жаңа жұмыс орындары ашылды
- ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінде екі әлемдік рекорд тіркелді
- Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
- Елімізде жасанды жаңбыр жаудыру қолға алынады
- Украинада әскери тұтқын мәртебесі бар 12 қазақстандық отыр
- Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Түркістанда жаңа Яссауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
- Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады
- Трамптың Қытайға сапары «мұзды жібіту» әрекеті деп бағаланды
- Израиль мен Ливан өзара бітімді 45 күнге ұзартты
- Кәмелетке толмаған төрт жасөспірім терроризм туралы жалған хабарлама үшін ұсталды
- АҚШ Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі 14 тармақты жоспарын қабылдамады