Астанадағы LRT пойыздарының жолда «тұрып қалған» себебі белгілі болды
Фото: Ақорда
Астанадағы LRT пойыздарының жұмысына қатысты ақаулар жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамағанынан болды. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде 17 мамыр күні желіге жаңа шыққан LRT пойыздары жолда «тұрып қалды» деген ақпарат пен видеолар көп тараған еді. Тасымалдаушының түсіндіруінше, бұл жоспардан тыс тоқтаулар «жолаушылардың ісі» екен.
Компания мәліметінше, сол күні Астана қаласындағы LRT желісінде бірнеше рет қауіпсіздік талаптары бұзылған. Бейнебақылау камералары мынадай жағдайларды тіркеген:
- жолаушылардың себепсіз төтенше тежеу батырмасын басқан;
- пойыз ішіндегі қорғаныш әйнектің артында орналасқан платформалық есікті шұғыл ашу батырмасын іске қосқан;
- вагон есіктерін өз бетінше ашуға әрекет жасаған;
- есіктердің жабылуына әдейі кедергі келтіріп, арасына қолдарын тыққан.
Мамандардың айтуынша, LRT жүйесі толық автоматтандырылған. Сондықтан мұндай әрекеттердің барлығы қауіп ретінде қабылданып, пойыз дереу тоқтатылып, диспетчерлік тексеру жүргізуге тура келеді.
«Бұл пойыздардың тоқтауына және қосымша тексерістерге себеп болады. Жолаушылардан LRT пайдалану ережелерін сақтауды сұраймыз. Еске саламыз, желі жоғары кернеуде жұмыс істейді. Әр құрамда арнайы оператор бар, ол қажет болған жағдайда электр қуаты ажыратылғаннан кейін есіктерді ашады» деп жазылған хабарламада.
Компания өкілдері құқық бұзған барлық жолаушылар бейнекамералар арқылы анықталатынын атап өтті. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жіберіліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады.
Еске сала кетейік, елордадағы LRT жобасы 16 мамыр күні ресми түрде іске қосылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаның Астана мен бүкіл Қазақстан үшін маңызын ерекше атап өтті. Президентке 001 нөмірлі алғашқы карта табысталып, ол алғашқы жолаушы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін сапар жасап көрді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық