Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Иранға гуманитарлық көмек жеткізілді. Гуманитарлық жүкті Иранның Қызыл Жарты ай қоғамына тапсыру рәсімі «Серахс» теміржол станциясында өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Иранна гуманитарлық көмек жеткізілді. Оны KazAID сыртқы істер министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі және денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырғанын ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран халқына гуманитарлық қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Иран Ислам Республикасына KazAID агенттігі СІМ, ТЖМ және ДСМ-мен бірлесіп гуманитарлық көмек жеткізді» деп жазылған хабарламада.
Гуманитарлық жүкті Иран Қызыл Жарты Ай қоғамына тапсыру рәсімі «Серахс» теміржол станциясында өтті. Оған Қазақстанның Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі Оңталап Оңалбаев, Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері, сондай-ақ Хорасан-Разави провинциясындағы (Мешхед қаласы) Иран СІМ жергілікті өкілдігінің басшысы Голамаббас Арбаб Халес қатысты.
«Қазақстанның Ирандағы елшісі Оңталап Оңалбаев Иранның Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі көрсетілген гуманитарлық көмек үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдіріп, бұл қадам екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдауды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтты», деп қосты министрлік.
СІМ мәліметінше, 30 вагон болатын жүк Тегеран қаласына жөнелтіледі. Онда ол әрі қарай тарату үшін тиісті ұйымдарға беріледі.
«Дос қиын күнде танылады. Қазақстан Иран халқына әр кезеңде тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді», — деп атап өтті Қазақстанның Ирандағы елшісі Оңталап Оңалбаев.
Ведомство мәліметінше, жүк құрамына ет консервілері, қант, жоғары сұрыпты ұн, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер кірген. Қазақстанның гуманитарлық көмегі Иран халқын қолдауға және оның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды