Қырғыз президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі сайлау алдында әлем көшбасшыларына үндеу жасады
Фото: Қырғызстан президентінің ресми сайты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлау қарсаңында әлем көшбасшыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сайлау 2026 жылғы 3 маусымда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол мемлекет басшыларынан Қырғызстан кандидатурасын қолдауды сұрады.
Өз үндеуінде Жапаров қазіргі таңда әлемде шиеленіс күшейіп, соғыс жалғасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық жүйе елдердің неғұрлым әділ әрі тең өкілдігін қажет етеді.
«Мұндай жағдайда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңесінде инклюзивті және әділ ұсынылуы, сондай-ақ оның бүкіл халықаралық қауымдастық атынан шешім қабылдайтын орган ретіндегі заңдылығын сақтау қабілеті алдыңғы қатарға шығады», – деді ол.
Оның айтуынша, Қырғызстан осы уақытқа дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамына ешқашан мүше болмаған. Мұндай елдердің саны шамамен 60-қа жетеді. Ал Қырғызстанның бәсекелесі Филиппин бұл органға төрт рет мүше болған.
Жапаровтың пікірінше, Қырғызстанның сайлануы тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, шағын, дамушы және теңізге шығатын жолы жоқ елдердің жаһандық қауіпсіздік мәселелеріндегі дауысын күшейтер еді.
Сонымен қатар ол, егер Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесіне өтсе, ел «прагматикалық, саясаттан тыс және тұрақты шешімдерді қолдайтын тарап» ретінде әрекет ететінін атап өтті.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2017–2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядан осы маңызды органға сайланған алғашқы мемлекет атанған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Азия чемпионаты: Еліміздің ауыратлеттері 59 медаль алып, бес әлемдік рекорд орнатты
- Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді
- Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды
- Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
- Талапкер ауылында мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған
- Иран АҚШ-тың әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған сарбазы үшін 30 мың доллар төлеуге дайын
- «Бұл арандату емес»: Бақытжан Базарбектің туыстары жол апаты туралы пікір білдірді
- Жаңатоған ауылының тұрғындары өртпен өздері күресіп жатыр: Бір адам ауыр жараланды
- «15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды
- Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды
- Анкарада Әлихан Күриш қамауға алынды: Тергеу барысында 200 келі алтын тәркіленді
- Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?
- ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды
- «Қазақ еліне +1 күйеу бала»: inDrive иесі Арсен Томский Камила Лұқпановаға үйленді
- Қазақстандағы алғашқы крематорийге 100 күн: Қанша адам жүгінді?
- Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттар мен клининг саласында заңды жұмыс істей алады
- Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып қаза тапты
- ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенін жүзіп өтпек болған адамды құтқарды
- Ми-8 тікұшағы апаты: БҚО-да төрт адамның қазасына себеп болған іс сотқа жетті
- Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі болады