Куба дәл Иран сияқты енді АҚШ-қа қарсы әскери әрекеттерге дайындалып жатыр
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Куба АҚШ-пен жаңа текетіреске дайындалып жатыр ма? Кариб теңізінде дрон соғысының көлеңкесі пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Axios басылымының мәліметінше, Гавана 300-ден астам әскери дрон сатып алып, оларды америкалық нысандарға қарсы қолдану сценарийлерін талқылай бастаған.
Әңгіме тек барлау жүргізетін аппараттар жайлы емес. Сөз соққы жасауға қабілетті әскери дрондар туралы болып отыр. Басылым дерегіне сәйкес, ықтимал нысаналардың ішінде АҚШ-тың Кубадағы әйгілі Гуантанамо әскери базасы, америкалық әскери кемелер және тіпті Флоридадағы Ки-Уэст қаласы да бар.
Ки-Уэст пен Гавана арасын небәрі 150 шақырым ғана бөліп тұр. Дрон технологиясы дамыған қазіргі кезеңде бұл қашықтық әскери тұрғыдан аса үлкен кедергі саналмайды.
Бұл жағдайдың символдық салмағы да ауыр. Өйткені дәл осы Куба ХХ ғасырда әлемді ядролық соғыс қаупіне тіреген Кариб дағдарысы орталығына айналған еді. 1962 жылы Кеңес Одағы аралға ядролық зымыран орналастырғаннан кейін, АҚШ пен КСРО тарихтағы ең қауіпті геосаяси текетірестердің біріне кірген болатын.
Енді арада алпыс жылдан астам уақыт өткенде, Куба қайтадан Вашингтон үшін әскери қауіп ретінде қарастырыла бастады.
Axios мәліметінше, Гавана биыл көктемде Ресейден қосымша дрондар мен әскери техника сұраған. Бұл тұста Украинадағы соғыс маңызды факторға айналып отыр. Себебі соңғы жылдары FPV-дрондардың салыстырмалы түрде арзан бола тұра, қымбат әскери техника мен инфрақұрылымды істен шығара алатыны дәлелденді.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осы себептен АҚШ әкімшілігі Кубаның қарулануын жай ғана саяси риторика ретінде қабылдамайды.
Оқиғаның тағы бір қызық тұсы — Бас барлау басқармасының директоры Джон Рэтклиффтің Кубаға шұғыл сапары. Axios мәліметінше, ол Гавана билігіне өте қатаң ескерту жасаған: Куба енді «АҚШ-қа қарсы күштердің Батыс жартышардағы платформасына айнала алмайды» деген. Вашингтон тілімен айтқанда, бұл — ашық дипломатиялық қысым.
АҚШ ішінде бұл мәселеге қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасып отыр. Бір тарап Кубаның әскери белсенділігін ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деп есептейді. Ал екінші тарап мұндай ақпараттар кейінгі қысымға немесе ықтимал әскери әрекеттерге негіз дайындау үшін қолданылуы мүмкін деп санайды. Себебі АҚШ тарихында Латын Америкасындағы араласулар алдында «қауіп факторы» бірнеше рет негізгі аргумент ретінде пайдаланылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық