Ақтөбелік емші Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға тиісіп, істі болды
Фото: Динара Сәтжанның Instagram парақшасынан
«Жезөкше» дегені үшін жауап бересің деп ашуланған Динара Сәтжан ақтөбелік емшіге қатысты полицияға шағым түсірді. Оның артынша Баян Алагөзова да бұл іске көз жұма салмай, құқық қорғау органдарына арызданатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандық тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан Ақтөбеде өзін «емші» ретінде таныстырған Бағдагүл есімді әйелге қатысты құқық қорғау органдарына ресми түрде арыз түсірді. Даудың туындауына емші әйелдің әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеулер мен қорлау сипатындағы мәлімдемелер себеп болған.
Оқиға Динара Сәтжанның Ақтөбе қаласында өткен жеке брендті дамытуға арналған жеке дәрістен кейін өршіген. Аталған шараға спикер ретінде барған Сәтжанды жергілікті емші Бағдагүл ашық сынға алып, оны жанама түрде меңзеп, билік өкілдерін «жеке іс-шараға бюджет қаражатын жұмсады» деп айыптаған.

Кейін әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда емші блогерге және басқа да танымал тұлғаларға қатысты ауыр айыптаулар айтып, түрлі балағат сөздер қолданған. Солардың ішінде Динара Сәтжанға бағытталған қорлайтын сөздер де болған.
«Бұл – жария қорлау» деп ашуланған Динара Сәтжан өз Instagram парақшасында бұл әрекетті заң аясында қаралатынын мәлімдеді.
«Ол мені өз сөздерімен қорлады. Бұл – жария қорлау және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша жауапкершілікке жатады», – деді ол.

Сондай-ақ тележүргізуші өзіне қатысты айтылған «мемлекеттік қаржы алды» деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол ешқандай мемлекеттік тендерге қатыспаған және бюджеттен қаражат алмаған.
Енді Сәтжан мен оның адвокаттары бұл істе тек полицияға арыз берумен тоқтамаған. Олар Ақтөбе облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне де ресми сұрау жолдаған.
Онда мына мәселелерді тексеру сұралған:
- емші қызметінің заңдылығы;
- дәстүрлі емес медицинамен айналысуға лицензиясының бар-жоғы;
- ақылы «бата беру» қызметінен түскен қаражаттың қайда жұмсалатыны;
- биологиялық белсенді қоспаларды сатуға құқығы бар-жоғы.
Сонымен қатар дәл осы емшіге қатысты Баян Алагөзова да сотқа жүгінбек. Соңғы кезде бұл дауға продюсер Баян Алагөзова да араласты. Оның айтуынша, емші ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желілерде өзін, Динара Сәтжанды және басқа да адамдарды қорлап, жалған ақпарат таратқан.
«Әлеуметтік желіде адамдар аузына ие болатын емес. Адамдар ойына не келсе, соны жаза береді. Ақтөбеде TikTok-та ақшаға бата беретін бір «емші» тұрады. Оның адамдарды емдеуге лицензиясы бар ма? Салық төлей ме? Бұл — бөлек әңгіме. Бірақ көз жұма қарауға болмайтын нәрселер бар. Ұзақ уақыт бойы ол тікелей эфирде мені, Динара Сәтжанды және басқа да адамдарды қорлап келеді. Біз туралы жалған ақпарат таратып жүр. Мені жобаларыма мемлекеттен ақша алады деп мәлімдеді. Бұл — өтірік және бұл — Заңның бірден бірнеше бабын бұзу. Қазір бұл мәселемен менің заңгерлерім айналысып жатыр. Мен өзімді қорлауға жол бермеймін.
Өзім туралы жалған ақпарат таратуға да жол бермеймін. Егер біреулер осылайша өзіне трафик жинамақ болса, сотта кездесетінімізді біліп қойыңыздар. Ал кейін адвокаттарға кеткен барлық шығын да сол адамнан өндіріледі. Осындай бір әйелді мен сотта жеңіп шыққанмын» деп жазды ол.
Арыздан кейін Бағдагүл әлеуметтік желілерде жаңа видеоүндеу жариялап, өз сөздерінен бас тартпайтынын айтты. Айтуынша ол «ана тілінде сөйлемейтін қазақтар» мәселесін көтеріп, Сәтжан мен Алагөзованы «ұлтқа қауіп» төндіретін адамдар ретінде сипаттаған.
Сонымен қатар, ол өзіне ең көп дегенде айыппұл салынуы мүмкін деп есептейтінін айтқан.
Қазіргі таңда іс бойынша тексеру басталған. Сарапшылардың пікірінше, егер жария қорлау және жалған ақпарат тарату фактілері дәлелденсе, күдіктіге айыппұл салынып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жаза қолданылуы мүмкін.
Осылайша, әлеуметтік желідегі жанжал енді құқықтық деңгейге өтіп, сотта қаралуы ықтимал резонансты іске айналып отыр.
Әйгілі қазақстандық медиатұлғалар Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова ақтөбелік Бағдагүл есімді интернет-емшімен болған жанжалдың ортасында қалды.
Іске шындап кіріскен қос құрбы әйелді қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартып, оның миллиондаған табысының заңдылығын тексертуге ниетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық