Түріксіб ауданында адам өлтіріп, жасырмақшы болған адам ұсталды

cover Фото: independent.co.uk

Алматының Түрксіб ауданында болған кісі өлтіру қылмысы жедел түрде ашылып, 32 жастағы ер адамның мәйіті жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы жалдамалы уақытша баспанадан табылды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Полиция қызметкерлері марқұмның араласқан адамдарын анықтап, оның таныстарының біріне шықты. Тергеу барысында ер адамдардың оқиға алдында бірге ішімдік ішкені, кейін олардың арасында жанжал туындағаны белгілі болды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіге өлімге әкелген дене жарақаттарын салған. Одан кейін қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасап, мәйітті тағамға арналған үлдірмен (пленкамен) орап, оны басқа жерге алып кетуді жоспарлаған. Алайда мәйіт табылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар