Тағы да жеке клиника: Астанада запастағы полковниктің ота алдында жүрегі тоқтап қалды
Фото: Orda.kz
Астанада запастағы полковник жоспарлы операцияға дайындық барысында қайтыс болды. 51 жастағы ер адамның жүрегі медициналық препарат енгізілгеннен кейін бірден тоқтап, есін жимастан қалалық ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның қызы бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде мәлімдеп, әділ тергеу жүргізуді талап етті.
Оқиға туралы қайтыс болған ер адамның қызы Threads платформасында zx_saya лақап атымен жазды. Оның айтуынша, запастағы әскери қызметкер елордадағы жекеменшік медициналық мекемеге септопластика және увулопластика жасау үшін жүгінген. Яғни, мұрын қалқасын түзету және апноэ ауруын емдеу жоспарланған. Алайда хирургтер операцияға кірісіп те үлгермеген.
Дайындық процедуралары кезінде науқасқа көктамыр арқылы дәрі енгізілген. Осыдан кейін оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Жедел жәрдем бригадасы науқасты ауыр хәлде, терең кома жағдайында Астанадағы №2 қалалық ауруханаға жеткізген.
Жансақтау бөлімінің дәрігерлері алты күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала өлім себебі ретінде мидың ісінуі аталды.
Марқұмның қызы қоғам мен журналистерді ақпаратты кеңінен таратуға шақырып, әділдікке қол жеткізуге көмектесуді сұрады.
«Әкем жай ғана жоспарлы операцияға барған еді, бірақ қайтып оралмады. Астанадағы жекеменшік клиникалардың бірінде наркоз алдында енгізілген препарат оның жүрегін тоқтатты. Ең қорқыныштысы – бұл клиника әлі күнге дейін жұмыс істеп, адамдарға операция жасауды жалғастырып жатыр! Қазір қанша науқасқа дәл осы дәрі салынып жатқанын білмейміз. Өтінемін, бұл ақпаратты таратып, жаңалық парақшалары мен журналистерді белгілеңіздер – бізге шындыққа жету үшін жариялылық ауадай қажет» деп жазды ол.
Оның айтуынша, ер адам мұрын қалқасын түзету және апноэны емдеу үшін ауруханаға жатқан, алайда хирургиялық араласуға дейін іс жетпеген. Көктамырға дәрі салынғаннан кейін бірден жүрегі тоқтаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми қорытындысын күтуде.
«Біз енгізілген препаратты тексеріп, медицина қызметкерлердің әрекетіне қатаң құқықтық баға беруді талап етеміз. Құқық қорғау органдары мен қоғамнан біздің қайғымызға бейжай қарамауды сұраймын. Әділ, ашық тергеу жүргізілуіне көмектесіңіздер. Біз шындықты білуге және мұндай қателіктердің жасырылып қалмауына жол бермеуге тиіспіз. Мұндай жағдай ешбір отбасының басына түспеуі керек», – дейді астаналық әйел.
Айта кету керек, бұл Қазақстандағы жекеменшік клиникаларда жоспарлы процедуралар қайғылы жағдаймен аяқталған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін Алматыда Smart Beauty клиникасында операция кезінде белгілі блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан көз жұмған болатын. Оның туыстары әлі күнге дейін мекеме басшылығынан нақты түсініктеме ала алмай отыр және кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кете ме деп алаңдаулы.
Сондай-ақ Ақтауда да ұқсас жағдай тіркелген. Онда иекке липосакция жасатқаннан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов қайтыс болды. Ер адам анестезия енгізілгеннен кейін бірден комаға түскен. Кейінгі тексеріс барысында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті науқасты денсаулық жағдайына байланысты жоспарлы операцияға жіберуге болмайтынын анықтады. Сонымен қатар клиникада арнайы реанимациялық бөлімнің болмағаны белгілі болды.
Аталған факт бойынша материалдар полиция мен прокуратураға жолданған.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты