Зейнетақы мен жәрдемақыны уақытында төлемеу өрескел бұзушылыққа жатады
Фото: gov.kz
Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеуді бақылау қағидалары жаңартылды. Енді төлемдердің кешіктірілуі елеулі бұзушылық болып саналады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығына енгізілді. Құжат Мемлекеттік корпорация мен оның филиалдарының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы тексерістерін реттейді.
Тексеру парағына 12 талап қосылды. Олардың қатарында жүктілік пен босану бойынша, бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтім жасау, жұмысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты төлемдерді тағайындау бар. Сондай-ақ зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді уақытында әрі толық аудару талаптары енгізілген. Аталған бұзушылықтардың барлығы өрескел болып саналады.
Бұдан бөлек, қаражатты банктік шоттарға «Орталықтандырылған деректер базасы» жүйесі арқылы аудару критерийі нақты көрсетілді. Егер төлем уақытында түссе – 0% бұзушылық, ал кешіксе – 100% бұзушылық болып есептеледі.
Тексерушілер сондай-ақ «Орталықтандырылған деректер базасы» мен «Е-макет» жүйелері арасындағы зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылар деректерін салыстырады. Бұл жүйелер арасындағы сәйкессіздіктер де тексеру парағына енгізілген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық