АҚШ-та жарты ғасырдан бері алғаш рет әскерилердің өлім жазасы орындалуы мүмкін
Фото: ABC News
АҚШ-та жарты ғасырдан астам уақыттан бері алғаш рет әскери қызметкерлерге өлім жазасы орындалуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ABC News АҚШ Құрлық әскерлерінің ішкі құжатына сілтеме жасап хабарлады.
«Шешімді әділет» (Resolute Justice) кодтық атауымен әзірленген жоспар биылғы жылдың ақпан айында ішкі пайдалануға таратылған. Құжатта кісі өлтіру және зорлау қылмыстары үшін сотталған америкалықтарға қатысты ең жоғары жаза — өлім жазасын орындауға дайындық шаралары қарастырылған. Жаза Терре-Хот қаласындағы түрмеде жүзеге асырылуы мүмкін.
АҚШ армиясының бірнеше бөліміне, егер тиісті бұйрық берілсе, оны орындауды қамтамасыз ету тапсырылған. Құжатқа сәйкес, өлім жазасы туралы үкімдерді Дональд Трамп мақұлдаған күннен бастап 150 күннен кешіктірмей орындау көзделген.
Соңғы рет АҚШ-та әскери қызметкерге өлім жазасы 1961 жылы қолданылған. Сол жылы қатардағы жауынгер Джон Беннетт Австрияда 11 жастағы қызды зорлап, өлтіруге әрекеттенгені үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Еске салсақ, АҚШ Әділет министрлігі федералдық өлім жазаларына жарияланған мораторийді алып тастап, үкімді орындау тәсілдерінің бірі ретінде ату жазасын қайта енгізгенін жазғанбыз.
Бұл шешім Дональд Трамптың бастамасына қатысты. Ол жаңа президенттік мерзімінің басында аса ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды ұсынған болатын. Оның пікірінше, мұндай қатаң шаралар «ең сорақы қылмыстардың алдын алу және жәбірленушілерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіру үшін шешуші маңызға ие».
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық