Өзара қолдау келісіміне 65 жыл: Си Цзиньпин араға жеті жыл салып Солтүстік Кореяға барады
Фото: rbc.ru мұрағатынан
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келесі аптада Солтүстік Кореяға барып, ел басшысы Ким Чен Ынмен кездеседі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы екі елдің мемлекеттік БАҚ-тары хабарлады. Сапар 8–9 маусым күндеріне жоспарланған және Солтүстік Корея көшбасшысының шақыруымен өтеді.
Бұл Си Цзиньпиннің Пхеньянға 2019 жылдан бергі, яғни соңғы жеті жылға жуық уақыттағы алғашқы сапары болмақ. Аталған сапар Қытай басшысы Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путинді қабылдағаннан кейін бірнеше апта өткен соң жүзеге аспақ. Бұл екі ел Пхеньянның сыртқы саясатында маңызды рөл атқарады.
Қытай Солтүстік Кореяның басты экономикалық әрі саяси серіктесі болып қала береді. Ел ядролық бағдарламасына және адам құқықтарын бұзу айыптарына байланысты халықаралық ауқымды санкцияларға тап болып отыр.
Оңтүстік Кореядағы Кённам университетінің Солтүстік Корея бойынша сарапшысы Лим Ыль Чхольдің айтуынша, Қытайдың халықаралық ықпалы артқан сайын, Бейжің Пхеньянды көпполярлы әлемдік тәртіп қалыптастырудағы әріптес ретінде өз дипломатиялық орбитасына белсендірек тартуға ұмтылып отыр.
Қытай мен Солтүстік Кореяның шамамен 1400 шақырымдық ортақ шекарасы және өзара қорғаныс туралы келісімдері бар. Бұл – Қытайдың әлемдегі кез келген елмен жасаған жалғыз осындай келісімі. Құжат бойынша тараптардың біріне шабуыл жасалған жағдайда өзара қолдау көрсетеді. Биыл бұл келісімге 65 жыл толады.
Си Цзиньпиннің сапары Ким Чен Ын үшін де маңызды саяси-насихаттық мәнге ие. Пандемиядан кейін және Украинамен соғыста Ресейді жақтау арқылы Солтүстік Корея халықаралық аренадағы позициясын күшейте түсті.
Дегенмен, Бейжің Пхеньянмен де, Мәскеумен де тығыз қарым-қатынаста болғанымен, Ким Чен Ын мен Владимир Путин арасындағы қарқынды нығайып келе жатқан одаққа сақтықпен қарайды.
Соған қарамастан, Қытай Ким Чен Ын үшін негізгі экономикалық тірек болып қала береді. Бейжің – Солтүстік Кореяның ең ірі сауда серіктесі және іс жүзінде басты сыртқы қолдаушысы.
Сапар барысында Ким Чен Ын құрлықтық шекара арқылы сауданы кеңейтуді, сондай-ақ жақында салынған жағажай және тау-шаңғы курорттарына қытайлық туристер ағынын арттыруды көтереді деп күтілуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық