Қытай Тайваньды өз меншігі деп санайды, ал Жапония мен Филиппин ол жерге экономикалық аймақ орнатқысы келеді
Фото: abai.kz
ҚХР Көлік министрлігі «Тайваньның шығысындағы суларда теңіз кеме қатынасы ережелерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша арнайы операция жүргізу» үшін Фуцзянь және Гуандун провинцияларынан жағалау күзетін шақырды, деп хабарлады Orda.kz қытайлық мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.
«Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігі мәлімдемесінде Бейжің әрекеттері «Тайваньға жақын теңіз шекарасы бойынша келіссөздердің басталуы туралы Жапония мен Филиппиннің біржақты мәлімдемесіне қарсы қажетті шара» деп аталды.
Қытайдың «арнайы операциясына» жауап ретінде Тайвань жағалау күзеті осы ауданға әскери кемелер жіберді. Тайвань болса Қытай операциясы халықаралық құқықты бұзады деп отыр.
Жапония мен Филиппин өткен айда бірлескен экономикалық аймақтың «теңіз шекарасын орнату бойынша» ресми келіссөздер басталғанын жариялап, Бейжіңнің ашуын туғызды. Қытай келіссөздерді «заңсыз» деп атады және даулы суларға айрықша бақылау жасалатынын мәлімдеді.
Қытай жағының түсіндіруінше, операцияның мақсаты – ҚХР-дың теңіз саласындағы әкімшілік юрисдикциясын толық жүзеге асыру, маңызды акваторияларда патрульдеу мен кеме қатынасын бақылау мүмкіндіктерін күшейту, теңіз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұлттық құқықтар мен мүдделерді қорғау.
Бұл қадам Жапония мен Филиппиннің Тайваньның шығысындағы теңіз аумақтарын бөлу жөніндегі келіссөздерді біржақты жариялауына жауап ретінде қабылданған. Бейжің бұл әрекетті Қытайдың аумақтық егемендігіне, сондай-ақ теңіздегі құқықтары мен мүдделеріне елеулі нұқсан келтіру деп бағалайды.
Филиппин президенті кіші Фердинанд Маркос Жапонияға жасаған соңғы сапары барысында екі ел бірлескен мәлімдеме жасап, айрықша экономикалық аймақ пен континенттік қайраңды шектеу жөніндегі келіссөздерді бастайтынын жариялаған. Жоспарланған шектеу Тайваньның шығыс жағалауындағы суларды қамтиды.
Сейсенбі күні өткен брифингте ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин Жапония мен Филиппиннің Қытайды айналып өтіп, теңізді бөлу жөніндегі келіссөздерді бастау әрекеті БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясын, халықаралық құқық нормаларын және халықаралық қатынастардың негізгі қағидаттарын өрескел бұзу екенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл Қытайдың теңіздегі құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіреді және Бейжің мұндай әрекеттермен келіспейді.
«Ішкі заңнама мен халықаралық құқыққа сәйкес Қытай бұл аймақта айрықша экономикалық аймақ пен континенттік қайраңға ие. Конвенцияға сай, қарама-қарсы немесе шектес жағалауы бар мемлекеттер арасындағы мұндай аумақтарды бөлу келісім негізінде және әділдік қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс», – деді Мао Нин.
Оның сөзінше, Тайваньның шығысындағы теңіз аумақтарын бөлу мәселесі Қытайдың қатысуынсыз жүзеге асырылмауы керек.
Бейжің Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды және «бір Қытай» қағидатын сақтау ҚХР-мен дипломатиялық қатынас орнатқысы немесе сақтағысы келетін барлық мемлекеттер үшін міндетті шарт екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті