БҰҰ жасанды интеллекттің дамуы қоршаған ортаға әсер етеді деп алаңдап отыр
Фото: roskomsvoboda.org
Адамдардың жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануы Жердің табиғи ресурстарының сарқылуына әкелуі мүмкін деп Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұйымның мәліметінше, 2030 жылға қарай жасанды интеллекттің жұмысын қамтамасыз ететін жаһандық деректер орталықтары (дата-орталықтар) жыл сайын 945 тераватт-сағатқа дейін электр энергиясын тұтынуы мүмкін.
БҰҰ сарапшыларының пікірінше, электр энергиясын тұтынудың күрт артуы мәселенің тек бір бөлігі ғана. Көміртек ізінен бөлек, дата-орталықтар тұтынатын әрбір киловатт-сағат энергия «су ізін» де қалдырады, өйткені су салқындату жүйелері мен энергия өндіру үшін қажет. Сонымен қатар электр энергиясын өндіру және жеткізу тізбектерімен байланысты «жердегі ізі» де арта түседі.
БҰҰ Университетінің жаңа зерттеуіне сәйкес, осы онжылдықтың соңына қарай жасанды интеллектке байланысты су тұтыну көлемі 1,3 миллиард адамның бір жылдық тұрмыстық су пайдалануымен теңесуі мүмкін. Ал оның «жердегі ізі» 14 500 шаршы шақырымнан асып түседі деп болжануда. Бұл әлемдегі ең ірі қалалық агломерациялардың бірі саналатын Джакарта агломерациясы аумағынан шамамен екі есе үлкен.
Баяндамада қазіргі уақытта жасанды интеллекттің қоршаған ортаға әсері нақты бағаланбай отырғаны атап өтілген. Әдетте негізгі назар ірі модельдерді оқыту барысында бөлінетін парниктік газдардың шығарындыларына аударылады. Алайда мұндай тәсіл экологиялық шығындардың басқа да маңызды түрлерін ескерусіз қалдырады.
«Бір жағынан қарағанда экологиялық тұрғыдан тиімді болып көрінетін шешімдер басқа салалардағы жағдайды ушықтыруы мүмкін. Әсіресе ресурстар тапшылығы байқалатын өңірлерде бұл мәселе өзекті. Мысалы, кейбір жаңартылатын энергия көздеріне көшу көміртек шығарындыларын азайтқанымен, су тұтыну мен жер ресурстарын пайдалануды едәуір арттыруы ықтимал» деп жазылған баяндамада.
Ғалымдардың айтуынша, мәселенің ауқымы өте үлкен. Бағалаулар бойынша, кеңінен қолданылатын жасанды интеллект қызметтерінің бірі тәулігіне шамамен 2,5 миллиард сұранысты өңдейді және жыл сайын жүздеген гигаватт-сағат электр энергиясын тұтынады.
Сонымен қатар баяндама авторлары электрондық қалдықтардың (e-waste) көбеюі де күрделі проблемаға айналып келе жатқанын ескертеді. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллект инфрақұрылымы жыл сайын 2,5 миллион тоннаға дейін электрондық қалдық өндіруі мүмкін. Оның салдары, әсіресе, мұндай қалдықтарды қауіпсіз өңдеу мүмкіндігі шектеулі табысы төмен елдерде қатты сезіледі.
Дегенмен сарапшылар баяндама жасанды интеллектке қарсы пікір емес екенін атап өтеді. Керісінше, құжат бұл технологияның дамуын планетаның экологиялық мүмкіндіктері шегінде қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауға шақырады.
Еске салсақ 13 мамырда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашады
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
- V Еуразия экономикалық форумы: Жасанды интеллект технологиялары ЕАЭО экономикасын қарқынды дамытады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық