Алматыда Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Фото: altynqor.com
Алматы қаласында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, композитор Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған «Күй ұран» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бастамасымен ұйымдастырылды. Концертке мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Ахмедияровтың туған-туыстары мен әріптестері қатысты.
Кеш барысында композитордың таңдаулы шығармалары орындалып, оның ұлттық музыкалық мәдениетті дамытудағы рөлі мен дәстүрлі орындаушылық өнерді сақтауға қосқан үлесі кеңінен таныстырылды.
Қаршыға Ахмедияров ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрімен тығыз байланыста болып, онда домбырашы-күйші, концертмейстер, солист және дирижер қызметтерін атқарды. Оның шығармашылық және ғылыми қызметі отандық өнер мен музыкатану ғылымының дамуына зор үлес қосты.
Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер, дирижер қызметін атқарды.
Халық әртісі, күйші Қаршыға Ахмедияров 50-ге жуық күй жазған. Көпшілік арасында өнер иесіне күй Қаршығасы, саңлақ күйші, күй аспанының Қаршығасы, ғасыр күйшісі деген атаулар берілген.
Бүгінде Қаршыға Ахмедияров орындаған 500-ден астам күй радио, телевизия мұрағатында сақтаулы.
Осы орайда Abai TV арнасының композиторға арналған «Бірегей» шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтер мен 13 мемлекеттік марапат табысталды
- Мұсақожаева ренжімесін, ғимаратының тоз-тозы шыққан — Аида Балаева өнер университеті туралы
- Президент «Асыл мұра» ұлттық сыйлығын тағайындап, Мақпал Жүнісоваға «Барыс» орденін, Татьяна Бурмистроваға «Отан» орденін берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық