Түркістан облысының түлегін әлемнің 80 университеті оқуға шақырды
Фото: ҒЖБМ
Түркістан облысындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектептің түлегі Медина Нұрәлі әлемнің жоғары оқу орындарынан 80-нен астам шақырту алды, деп хабарлайды Orda.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің Telegram-арнасында қазақстандық түлек АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропа елдеріндегі жоғары оқу орындарына оқуға шақырылғаны айтылды.
«Нұрәлі Медина IELTS және SAT халықаралық емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жетекші университеттеріне түсуге қажетті академиялық дайындық деңгейін көрсетті. Қазіргі таңда ол көптеген ұсыныстың ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University оқу орнын таңдауды жоспарлап отыр», деп мәлімдеді ведомство.
Министрлік мәліметінше, Медина мектепте үздік оқушылардың қатарында болған және ғылыми, зияткерлік әрі қоғамдық жобаларға белсенді қатысқан.
Атап айтқанда, ол «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндігі» тақырыбындағы ағылшын тілі бойынша республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда I орын иеленіп, «Ой зерек» республикалық олимпиадасының жеңімпазы атанған.
Еске салсақ, Шымкенттік А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Набира Перналы шетелдік 90 жоғарғы оқу орнынан шақырту алғанын жазғанбыз. Ол шетелдік жоғары оқу орындарының гранттық бағдарламаларына қатысып, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуропа елдері және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жетекші университеттерден шақырту алған.
Дарынды түлек оқуын Оңтүстік Кореядағы INHA University-де жалғастыруды таңдады. Ол аталған университеттің «Халықаралық бизнес және қатынастар» мамандығы бойынша білім алады.
Оқи отырыңыз:
- Биыл 3,9 миллион түлек мектеп бітірді, 13 175 оқушы «Алтын белгіге» үміткер
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Шымкенттік түлек шетелдің 90 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық