Көлік прокуратурасы: Қаруыңды тапсырып — тыныш ұйықта
Фото: gov.kz
Көлік прокуратурасы қазақстандықтарды қару мен тыйым салынған заттарды ерікті түрде тапсыруға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Тыйым салынған заттарды ерікті түрде тапсырып, қауіпсіз болашаққа қадам жаса». Осындай үндеу жариялаған Көлік прокуратурасы азаматтарға суық қаруды заңсыз алып жүру, сақтау және сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Ведомствоның мәліметінше, заңсыз сақталған қару мен басқа да тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
«Көлік прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырады» деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ прокуратура түсірген бейнероликте әуежайдағы тексеру кезінде жас жігіттен кастет табылып, кейін оны жауап алуға әкетіп бара жатқаны көрсетілген.
Ведомство өкілдері қауіпсіз болашақ тек қарудан ада қоғамда ғана қалыптасатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық