Қорғастағы 250 миллиард теңгелік әуежай құрылысынан шетелдік инвесторлар неге бас тартып жатыр?
Фото: «Қорғас» ШЫХО
Жетісу облысы аумағындағы Қорғаста халықаралық әуежай салу жобасына дайындық жүріп жатыр. Құны шамамен 250 миллиард теңге болатын жоба бойынша жоспар келісілген, алайда құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ, себебі инвестор табылмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналастыру жоспарланған. Жоба авторларының ойынша, ол Air – Rail – Auto – Air мультимодальды жүйесімен жұмыс істейтін ірі авиациялық-логистикалық кластердің бір бөлігіне айналады.
Жоба үшін 840 гектар жер бөлініп те қойған. Қаржыландыру толықтай шетелдік жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұсынымдарына сәйкес үш кезеңде салынбақ.
Болашақта бой көтеретін кешен құрамына сағатына 500 жолаушыға дейін қызмет көрсететін жолаушылар терминалы, жылына 250 мың тонна жүк айналымы бар жүк терминалы, жылына 550 мың тоннаға дейінгі JET A-1 авиациялық отын қоймасы, авиациялық-техникалық орталық (MRO), бизнес-терминал, бизнес-орталық, қонақүй мен апартаменттер, туристік және сауда-ойын-сауық инфрақұрылымы нысандары кіреді.
Панфилов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, үшөлшемді визуализациясы бар мастер-жоспар бірқатар ведомстволармен келісілген.
Құжат Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, ҰҚК Шекара қызметі және Қазаэронавигация тарапынан мақұлданған. Сонымен қатар жобаға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ICAO стандарттары негізінде ұсыным берген.
Әкімдік мәліметінше, нысанда негізгі инженерлік-іздестіру жұмыстары (геодезия, геология, топография) аяқталған. Қазіргі уақытта жоба техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеудің соңғы кезеңінде және жобалық-сметалық құжаттамаға дайындалу үстінде.
Бизнес-жоспар мен қаржылық есептерді тексеру үшін халықаралық консалтингтік PwC компаниясы тартылған. Жұмыстар Еуропалық қайта құру және даму банкі қолдауымен жүргізілмекші.
Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының дерегінше, жобаны 2024 жылы құрылған қазақстандық-германдық бірлескен «Skyhansa» ЖШС іске асырады.
Германияның авиациялық инфрақұрылымды дамытуға маманданған The Hansa Consortium компаниясы жобаға қатысуда. Қазақстандық серіктес — әуежайларға инженерлік шешімдер ұсынатын «Skymax Technologies» компаниялар тобы.
Жалпы жеке инвестициялар көлемі шамамен 250 миллиард теңге. Қазіргі уақытқа дейін әзірлеушілер АЭА қатысушысы мәртебесін алу үшін құжаттар дайындап, әлеуетті әуе тасымалдаушылары және логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізген, сондай-ақ бірқатар ынтымақтастық меморандумдарына қол қойған.
Жобаға қызығушылық танытқан компаниялар қатарында Cargolux, Schenker, Ceva Logistics, Rhenus Group және DHL бар. Сонымен бірге Skytanking, BAFS және Exolum компанияларымен жанармай құю кешендері бойынша алдын ала келісімдер жасалған. Қонақүй, бизнес-орталық және бизнес-терминал құрылысына да жеке инвестор анықталған.
Алайда негізгі мәселе — қаржыландыру. Бұған дейін қарастырылған Mataraxia инвестициялық қоры жобадан бас тартқан. Себебі ретінде инвестордың жеке жағдайлары аталған. Тағы бір ықтимал серіктес — венгриялық Equilibrium Capital қоры да мақұлданбаған.
Әкімдік мәліметінше, ұсынылған шарттар мен қаржы көздерінің ашық көрсетілмеуі күмән туғызған.
Жоба бастамашылары әуежайды іске асыру ниетінен айныған жоқ, бірақ құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың үшінші–төртінші тоқсанына шегеруді сұраған. Алдағы 2–3 айда PwC компаниясы ЕҚДБ гранты есебінен бизнес-жоспар мен қаржылық модельді растауы тиіс.
Панфилов ауданы әкімдігі бірнеше негізгі кедергіні атады. Олар: АЭА қатысушысы мәртебесін алу үшін жоба құнының кемінде 10%-ы көлемінде қаражаттың барын растау қажет. Оның үстіне шетелдік мердігерлер қосымша кепілдіктер талап еткен.
Қытайлық компаниялар мемлекеттік кепілдік сұраса, басқа мердігерлер келісімшарт сомасының 15–20%-ы көлемінде банктік кепілдік талап еткен. Қазақстан даму банкі жобаны тек бастамашылар кемінде 30% жеке қаражат барын дәлелдеген жағдайда ғана қаржыландыруға дайын.
Әкімдік дерегінше, 2026 жылы әуежайдың транзиттік әлеуеті 13 мыңнан астам рейске жетуі мүмкін. Жоба Қытаймен шекарадағы тиімді орналасуының арқасында транзиттік нарықтың бір бөлігін қамтуды көздейді.
Экономикалық есеп бойынша жоба тиімді: инвестицияның ішкі табыстылық нормасы (IRR) — 25,47%, ал капиталдың орташа құны (WACC) шамамен 12%. Осы көрсеткіштер сақталса, жоба шамамен 8 жылда өзін ақтауы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық