Түркістандағы Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

cover

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде 3 жылға есептелген кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

 Кесене құрылымын зерттеу үшін ғимарат толығымен 3D сканерлеуден өтеді. Сондай-ақ, XVI ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін кесенеге қатысты ғылыми және тарихи дереккөздерді цифрландыру жоспарланған. Цифрлық қайнар көзі нысанда жүргізілетін ғылыми және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының ақпараттық базасын құрайтын болады. 

«Автоматтандырылған мониторинг жүйесін құру Ахмет Ясауи кесенесінде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмысының бір бөлігі ғана. Отандық білікті ғалымдар мен Ираннан, Әзірбайжаннан және басқа елдерден шақырылған мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылыс материалдарын, олардың құрамын зерттейді, сондай – ақ ғимаратқа экологиялық, гидрогеологиялық, микробиологиялық және сейсмикалық зерттеулер жүргізеді», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар