Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
Фото: Әлеуметтік желіден
Cove Kaz Capital компаниясы Skyline Builders арқылы кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп есімдерімен байланысты жоба аясында АҚШ Қорғаныс министрлігінен (Пентагон) Қазақстандағы вольфрам кен орнын игеру үшін қосымша 400 млн доллар сұрады. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
Financial Times мәліметінше, Cove Kaz Capital Пентагон жанындағы ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды технологиялар мен жеткізу тізбектерін қолдайтын Office of Strategic Capital құрылымына өтінім берген.
Сөз қосымша 400 млн доллар қаржыландыру туралы болып отыр. Бұл қаражат Қазақстандағы вольфрам кенішін игеруді жеделдетуге бағытталуы мүмкін. Бұған дейін жоба АҚШ экспорт-импорт банкі мен Development Finance Corporation тарапынан жалпы сомасы 1,6 млрд долларға дейінгі қызығушылық хаттарын алған.
Жоба Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарымен байланысты. Cove Kaz жобаның 70 пайызын бақыласа, қалған 30 пайызы Тау-Кен Самұрық ұлттық тау-кен компаниясына тиесілі.
Бұл жобаға қызығушылық тек қаржымен ғана емес, геосаяси факторлармен де байланысты. АҚШ маңызды минералдар жеткізілімінде Қытайға тәуелділікті азайтуға тырысып отыр. Вольфрам өнеркәсіпте, энергетикада және қорғаныс саласында, соның ішінде бұрғылау құралдары мен бронебойлық оқ-дәрілер өндірісінде кеңінен қолданылады. Қытай әлемдік вольфрам жеткізілімінің елеулі бөлігін бақылайды және 2025 жылы бұл металлдың экспортына шектеулерді күшейткен.
Cove Kaz инвесторларға арналған таныстырылымында Қазақстандағы кен орнын Қытайдан тыс ең ірі вольфрам жобасы деп атаған. Компания 2028 жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 2029 жылы кенішті іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін бұл мәмілеге Трамп отбасының қатысы ерекше назар аудартқаны айтылған. Cove Kaz өткен айда Skyline Builders компаниясымен бірігу туралы келісімге келген. Financial Times дерегінше, бұл компанияға байланысты құрылым арқылы кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп инвестиция салған.
Жақында АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары Эрик Трамп пен кіші Дональд Трамп АҚШ тарапынан 1,6 млрд доллар көлемінде қолдау алған қазақстандық тау-кен компаниясынан үлес сатып алғаны туралы жазғанбыз.
Сонамен қатар наурыздың басында АҚШ-та әлеуметтік желілерде ерекше наразылық акциясы күшейіп, #SendBarron хэштегімен мыңдаған адам АҚШ президентінің кенже ұлы Бэррон Трампты әскерге шақырып, Ирандағы соғысқа жіберуді талап еткен болатын.
Наразылық білдірушілер Дональд Трамптың Иран аумағына құрлық әскерін жіберу жоспарына қарсы болды. Олардың негізгі уәждері: егер президент соғысқа қарапайым америкалықтардың балаларын жіберуге дайын болса, онда тізімнің басында оның өз ұлы болуы тиіс еді.
Оқи отырыңыз:
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық