ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаға блогерлерге айыппұл салу жоспарланып отыр. Орталық сайлау комиссиясы блогерлер кандидатпен немесе партиямен ресми келісімшартсыз және ақысыз болса да «жасырын үгіт» үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мәселені депутат Никита Шаталов сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді талқылау кезінде көтерді. Ол мысал ретінде үлкен аудиториясы бар блогер туралы айтып, блогер партия символикасы бар киім киіп, кандидатты ашық қолдайды, бірақ ақша алмайды және ешқандай келісім жасамайды деді.
ОСК хатшысы Шавкат Өтемісовтің айтуынша, заң бойынша үгітке қатысу кандидаттың немесе партияның жазбаша келісімімен жүзеге асуы тиіс.
Егер мұндай келісім болмаса, бұл «жасырын үгіт» деп танылады және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 118-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Сондай-ақ, егер блогер бұрын келісімшарт негізінде бір кандидатқа немесе партияға өз алаңын ұсынған болса, онда ол басқа кандидаттар мен партияларға да сондай мүмкіндік беруге міндетті.
Ал егер жарияланымдар ақысыз және ресми келісімдерсіз жасалса, мұндай міндет жүктелмейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық