Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында 24 жастағы Жанасыл Сәрсенбайды пышақтап өлтірді. Марқұмның анасымен Orda.kz тілшісі сұхбаттасып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
«Екі қолындағы екі пышақпен кезек-кезек пышақтады» деген Жанасылдың Нұра ауылындағы туыстары қанды оқиғаға қатысты өз шындықтарын айтты.
24 жастағы тепсе темір үзетін жігітті дәл есігінің алдында пышақтап кеткен. Марқұм Жанасыл Сәрсенбай анасының құшағында бақилық болды.
«Түнде үйде теледидар көріп жатыр ем, кіші ұлым жүгіріп кіріп «мама, Жанасылды пышақтап кетті» деді. Жанұшыра жүгіріп далаға шықсам ұлым тізерлеп жерде отыр екен», — дейді анасы Алмагүл Нұрғисат еңірегенде етегі толып.
Сонымен қатар ашынған ана жедел жәрдемнің келмегенін жарақат ұлын ауруханаға өздері апарғандығын айтты.
Жанасылды көлікке салып ауылдың ауруханасына барған олар ешкімді таппай, Жетігеннің ауруханасына барады.
«Аурухананың алдында каталкаға салып қойып дәрігерлер қарап тұр. Неге тұрсыңдар, деп жан дауысым шықты. «Балаңыздан айрылып қалдық» деді олар. Ары қарай есімді білмеймін», — дейді Алмагүл Нұрғисат.
Оқиға былай болған. Жанасыл інісі Еркебұланмен әкесінің қабіріне барады. Неге екені белгісіз Жанасыл қабір басында көз жасына ерік берген. Ауылға қайтып келе жатып, тар жолда тұрған көлікті көреді. Көліктің екі есігі айқара ашық, жолдан өтуге кедергі болған.
«Жанасыл жаңағы көлікте отырғандарға «өтіп кетейік, есікті жабыңдаршы» деген. Олар «айналып өт» деген. Жанасыл газды басып айналып өткен. Сөйтіп үйге келіп, көлікті есіктің алдына қойып, өзі темекі шеккелі тұрғанда, жаңағы жолдағы көлік қатты келіп көше жаққа тоқтаған. Жанасыл оларға қарсы жүрген», - дейді анасы.
Не бір төбелес, не бір жанжал болмаған. Көліктен шыққандар Жанасылдың қасына келіп екі жерден бүйірінен, өкпе тұсынан пышақ салған.
Оқиға туралы Жанасылдың қасында бірге болған інісі де айтты.
«Бейіт басынан келе жатқанда жолда қызыл Лада 99 көлігі тұр. Алдыңғы екі есігі ашық тұр. Ағам көліктің шамын түсіріп белгі беріп еді, пышақтаған бала «айналып өт» деді. Ағам жарайды деп газды басып, Ладаны айналып өтті. Олар артымыздан еріп қайта-қайта жарығын түсіріп бізге тоқта деп келе жатты. Мен ағама «үйге барып, бірақ тоқта» дедім. Сөйтіп есік алдына келіп тоқтап ек, олар да келіп тоқтады», — дейді інісі.
Інісі Жанасылдың жайбарақат тұрғанын айтады.
«Бір қарасам пышақтаған баланың қолында 2 пышақ болды. Ағама кезек-кезек тығып жатыр. Мен ағама тұра жүгірдім. Ағам тізерлеп отырып қалды. Ана балалар машинаға отыра салып, қашып бара жатыр. Олар қастарынан газды басып өткенімізге ашуланған сияқты», — дейді марқұмның інісі.
Күдіктілер 20 жастағы Нұра ауылының тұрғындары. Біреуінің әскерден келгеніне 20 күн болған.
Алматы облыстық полиция департаменті үш күдіктінің де қамауға алынғанын айтады.
«11 мамыр күні ауруханада пышақ жарақаттарының салдарынан 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны қайтыс болды. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін бірден полицияның барлық сыртқы жасақтары бағытталып, бақылау бекеттері қойылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізін суытпай марқұмның ауылдастары болып табылатын үш күдікті ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп мәлімет берді полиция.
«Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Негізінен Жанасыл әкесінің басына құран оқу үшін емес, дат басқан темірлерін бояуға дайындық жасап барған. Сол кезде марқұм інісіне әкесіне деген сағынышын айтып естеліктерімен бөліскен
Марқұмның анасы дәл бір апта бұрын түс көрген. Түсінде жағының сынып, дәрігерлер ештеңе жасай алмаймыз, лақтырып жібер деп айтқанын есіне алды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық