«Төлемесең — масқараңды шығарамын»: Шымкентте мемлекеттік қызметкерлерді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
Бейнеден кадр
Шымкентте полиция Instagram желісінде acko.balkybaev атымен танымал блогер Асқат Балқыбаевты ұстады. Ол бопсалау және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогермен бірге тағы екі адам ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу олардың қамауға алыну мәселесін қарастырып жатыр.
Күдікті бопсалаушылар тобын Шымкент қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әшкерелеген. Тергеу нұсқасына сәйкес, топ мүшелері адамдардан ақша талап етіп, әлеуметтік желілерде оларды әшкерелейтін бейнематериалдарды жариялаймыз деп қорқытқан.
«Instagram желісінде шамамен 150 мың жазылушысы бар жергілікті блогер үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді әдейі бейнежазбаға түсірген. Бұған қызметтегі тәртіптік заңбұзушылықтар мен бизнестегі ықтимал кемшіліктер себеп болған», деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, блогер бұл жазбаларды қысым көрсету құралына айналдырған. Бейнематериалдарды жарияламау үшін ол ақша талап еткен.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, жақында Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды.
Ер адам полицияның арнайы формалық киімін пайдалана отырып, полиция қызметкерлері әрекетін қаралайтын бірқатар бейнероликтер жариялаған.
Тексеру барысында 30 жастағы құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ол арнайы айырым белгілері бар киімді заңсыз кигені үшін, сондай-ақ құқыққа қайшы контент орналастырып, таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Бұрынғы депутат бюджеттің 2,6 миллиард субсидиясын жымқырып, 170 миллионды казинода шашқан
- «Төлемесең — масқараңды шығарамын»: Шымкентте мемлекеттік қызметкерлерді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
- Залал көлемі 72 миллиард теңге: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды
- «75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиев пен жақтастарына сот үкімі шықты
- Жаһандық аптап: Әлемдегі мұхит сулары да қатты ысып жатыр
- Франция жұрты кондиционерге таласып, жаппай төбелесіп, дүкендерге басып кіріп жатыр
- Тоқаев AD Ports Group басшысымен Каспий өңірінің транзиттік әлеуетін кеңейту мәселесін талқылады
- Қырғызстан Қазақстаннан жанармай жеткізуге қолдау көрсетуді сұрады
- Екі қалада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері сотталды
- Үйдің іргетасы ауада ілініп тұр: Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды
- «Tarlan Astana» болып өзгертілген LRT–да өрт шықты
- Түркістанда сұмдық жол апаты болып, полиция капитаны қаза тапты
- Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, көлігін біреудің атына рәсімдеуді талап еткен
- Қытайда Tesla Model Y өртеніп кетті: Li Auto жүргізушісі көлік иесін ажалдан арашалап қалды
- ҰҚК шекарашылары бір айда заң бұзған бес мыңнан астам адамды ұстады
- Мбаппенің рекордтық дублі Францияға жеңісті жұлып әперді
- 6 шілде – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні: Қазақстанның тұңғыш президентінің өмір жолы
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлау күнтізбесін бекітті
- 10 мыңнан астам сайлау учаскесі: ОСК Құрылтай сайлауына жеті партияны жіберді
- Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымы жетекшілерін қабылдады