Қытайда Tesla Model Y өртеніп кетті: Li Auto жүргізушісі көлік иесін ажалдан арашалап қалды
Toutiao
Қытайдың G50 Шанхай–Чунцин тасжолында болған жол апатынан кейін Tesla Model Y электркөлігі өртеніп кетті. Көлікте қамалып қалған жүргізушіні кездейсоқ өтіп бара жатқан Li Auto жүргізушісі құтқарып қалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ifeng басылымының мәліметінше, нөсер жаңбырдан кейін жолға жиналған судың салдарынан көлік басқарудан шығып, қоршауға соғылған. Соққыдан кейін электркөліктің аккумуляторы қызып, артынша өрт шыққан.
Осы сәтте оқиға орнынан өтіп бара жатқан Li Auto i6 жүргізушісі көлігін тоқтатып, Tesla ішінде ес-түссіз жатқан жүргізушіні сыртқа алып шыққан. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, өртті сөндіргенімен, көлік толықтай жанып кеткен.
Мамандардың айтуынша, мұндай апаттар жоғары жылдамдықта болған соқтығыс кезінде аккумулятордың қатты қызуынан туындайтын қауіптің әлі де өзекті екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл оқиға төтенше жағдайда жолаушыларды мүмкіндігінше тез эвакуациялаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Оқиғадан кейін Li Auto компаниясының негізін қалаушы Ли Сян құтқарушы жүргізушіні табу үшін арнайы іздеу басталғанын мәлімдеді. Ол жүргізушіге компания атынан алғыс айтқысы келетінін жеткізіп, оны анықтау үшін Шанхайдағы Li Auto иелерінің қауымдастығын жұмылдырған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық