Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
Фото: Астана қаласы ПД
Астана полициясы полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіретін видео жариялаған ер адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицей формасын киген ер адамның жарияланымы анықталған.
«Ер адам полицияның арнайы формалық киімін пайдалана отырып, полиция қызметкерлері әрекетін қаралайтын бірқатар бейнероликтер жариялаған.
Тексеру барысында 30 жастағы құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ол арнайы айырым белгілері бар киімді заңсыз кигені үшін, сондай-ақ құқыққа қайшы контент орналастырып, таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департамент.
Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданғаны айтылды.
Астана қаласының полиция департаменті құқық қорғау органдарының формасын, рәміздерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің беделін түсіруге бағытталған және азаматтарды жаңылыстыратын материалдарды тарату әрекеттері дереу анықталып, заң аясында қатаң бағаланатынын атап өтті.
«Интернет кеңістігін бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі», деп мәлімдеді ведомство.
Полиция жариялаған бейнежазбаға қарағанда, әңгіме justiceadilet лақап атымен танымал блогер туралы болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық