Бұрынғы депутат бюджеттің 2,6 миллиард субсидиясын жымқырып, 170 миллионды казинода шашқан
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу амалдарына сай, қылмыстық схеманы Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты ұйымдастырған. Ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен мемлекеттік субсидиялау тетіктерін жетік білетін ол бюджет қаражатын заңсыз алудың тұрақты схемасын құрған.
Оны іске асыру үшін ұйымдастырушы өзіне бағынысты кәсіпорындар мен Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығын пайдаланған.
Уәкілетті органдарға өнеркәсіптік таңқурай алқаптарын отырғызуға арналған элиталық таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар ұсынылған.
Мәліметтің анықтығын растау мақсатында жалған сатып алу-сату шарттары, қабылдау-тапсыру актілері, электрондық шот-фактуралар және отырғызу материалын өндірушілерді аттестаттау жөніндегі құжаттар рәсімделген.
Алайда көрсетілген көлемде көшеттер іс жүзінде жеткізілмеген. Ал құжаттарда көрсетілген кейбір шаруашылықтардың өнеркәсіптік көлемде таңқурай өсіруге нақты мүмкіндігі болмаған.
Заңсыз алынған субсидияның 491 млн теңгесі қор нарығында операциялар жүргізуге бағытталған. Осы мақсатта күдіктінің жұбайының атына брокерлік шот ашылып, ол арқылы қазақстандық және шетелдік компаниялардың бағалы қағаздары сатып алынған.
Бұдан бөлек, тағы 400 млн теңге уақытша қаржылай көмек көрсету сылтауымен «iSolutions Capital» микроқаржы ұйымына аударылған. Кейін бұл қаражат күдікті тарапынан кезең-кезеңімен қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сондай-ақ күдікті ұрланған қаражаттың 170 млн теңгесін Қонаев қаласындағы казинода құмар ойындарға жұмсаған.
Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтеріне, 3 автокөлігіне, жеке тұрғын үйіне және бағалы қағаздарына тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық